spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 19, 2024
6.5 C
Kokshetau

Ақмолада отбасын құтқарып қалмақ болған ер адам суға батып кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Қайғылы оқиға Шортанды ауданында арнайы жабдықталмаған жағажайда болған, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бозайғыр көлінде кеше кешкісін демалуға барған отбасы қайғылы жағдайға тап болған.

«Кеше 4 тамыз күні кешкі уақытта аудандық төтенше жағдай басқармасына құтқарушыларына балалы әйедің Бозайғыр көлінің ортасына үрлемелі матрацта кетіп қалғаны туралы телефон хабарламасы түсті. Құтқарушылар дереу оқиға орнына барып, әйел мен 8 жастағы баланы құтқарып қалды. Бала әйелдің бауырының баласы болып шықты. Өкінішке орай оларды құтқарып қалмақ болған әйелдің жұбайы суға батып кетті. Қайғылы оқиға суға шомылуға арналмаған жерде орын алған, – деді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Доспаев.

Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары суға түсу аса қауіпті болса да арнайы жабдықталмаған көл жағажайларында әлі де болса көп баратынын атады. Құтқарушылар тұрақты түрде жергілікті полиция қызметімен рейдтер ұйымдастыруда. Өкінішке орай адамдар суда қауіпсіздік ережелерін сақтай бермейді.

«Жақсы жүзе білу суда демалыстың қауіпсіз болуының аса маңызды кепілдіктерінің бірі. Алайда, кез-келген жақсы жүзетін адамның өзі аса сақтық танытып, суда жүзу қауіпсіздігі ережелерін міндетті түрде сақтауы қажет. Қазіргі коронавирус инфекциясынан туындаған пандемия кезеңінде санитарлық дәрігерлер де суға шомылуға тыйым салуда. Қауіпке бас тігіп, арнайы жабдықталмаған жағажайларға мүлде түспеген жөн. Қайғылы оқиға орын алған көл балдырларға толы. Ал бұл өте қауіпті. Суда қауіпсіздік ережелерін сақтау Сіздің өміріңізді сақтауға мүмкіндік бермек», – деп толықтырды Қанат Доспев.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img