spot_img
Сенбі, Желтоқсан 13, 2025
-4.8 C
Kokshetau

Егіндікөл: Аудандағы провизорлық стационарға жергілікті кәсіпкерлер қолдау көрсетуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Егіндікөл ауданында 7 шілдеден бастап 15 орындық провизорлық стационар жұмысын бастаған.  Жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен стационарға 8 оттегі балоны мен 3 оттегі концентраторлары сатып алынды, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бүгінде ауданда жаңадан ашылған провизорлық стационарда 4 кезекші дәрігер мен 7 орта медициналық қызметкер ауысым бойынша жұмыс істеуде.

Елдегі коронавирус инфекциясынан туындаған күрделі кезеңде жергілікті кәсіпкерлер мен аудандық «Кәусар» мешіті де қалыс қалмай ауруханаға қажетті медициналық құрал жабдықтармен көмектескен.

«Жер ана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жалпы сомасы 503 мың теңгеге 9 пульсоксиметр, «Кәусар» мешіті мен жеке кәсіпкер С.Середа 8 оттегі балоны мен 3 оттегі концентраторларын, душ кабинасын, 100 литрлік бойлер мен 14 төсек-орын жиынтығын сатып алды, – деді аудан әкімдігінен.

Жаңадан ашылған стационардан бүгінге дейін 30 адам емделіп шыққан. Қазіргі таңда 9 науқас емделуде.
Стационар, қажетті жабдықтармен, дәрі – дәрмектермен және басқа қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілген.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөлде ауыл әйелдері форумы өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміздің ауыл әйелдерін біріктірген маңызды оқиға – «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика