spot_img
Сенбі, Желтоқсан 13, 2025
-5.8 C
Kokshetau

Целиноград: Ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша аймақтық жиын өткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Целиноград ауданында ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі бойынша аймақтық жиын ұйымдастырылды. Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықовтың жұмыс сапары аясында өткен жиында ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің алдағы жоспары мен егістік алқаптарының жай-күйі талқыға салынды, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықов аудандағы ірілі-ұсақты бірқатар мал шаруашылығымен айналысып жатқан серіктестіктердің жағдайымен танысты.

Приречный ауылдық округындағы «Асыл тағамдар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірнеше жылдан бері ірі қара мал бордақылау алаңы жұмыс істеп келеді. Істің көзін тапқан кәсіпкерлердің қолында қазіргі таңда 400 бас ірі қара мал бар. Серіктестік мал басын одан әрі көбейтуді көздепті.

Әкім орынбасары Қоянды ауылындағы «Айбарыс» шаруа қожалығында да болды. Мұнда жобалық қуаты 7 мың бас мал бордақылау алаңын салу жоспарланған. Бүгінде 1200 бас малға арналған бордақылау алаңы базасы салынған. Шаруа қожалығы 230 бас қара мал бағуда. Кәсіпкер 2022 жылы жобалық қуатты толықтай еңсеруді жоспарлапты. Сонымен қатар облыс әкімі орынбасары егін себуде ауданда көш бастап тұрған «Есенжол, «Ақ Дэн» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің  егістік алқаптарында болды.

Жұмыс сапарының соңында облыс басқармаларының басшылары, Астрахан, Аршалы, Қорғалжын, және Целиноград ауданы әкімдері мен мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен ауыл шаруашылығы саласындағы даму бағыттары жөнінде өңірлік кеңес өткізілді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөлде ауыл әйелдері форумы өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміздің ауыл әйелдерін біріктірген маңызды оқиға – «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика