spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмолада кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне кандидаттар сайлауға түспек

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасында 7 шілдеден бастап өңірлік кеңестерге кандидаттардан өтінім қабылдау басталған. Бұл Ақмола облысының өңірлік кеңесінде сайлау түрінде өтіп жатқан алғаш рет процесс болып отыр. Бұған дейін бақылаушы орган тікелей дауыс беру жолымен кәсіпкерлік субъектілері дегегаттары арасынан құрылған, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының өңірлік кәсіпкерлік палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Кандидаттар өңірде тіркелген кәсіпкерлік субъектілері  арасынан сонымен қатар  кәсіпкерлік палаталарында  аккредиттеуден өткен ассоциациялар мен өзін-өзі реттейтін ұйымдардың атқарушы органдары мүшелері мен бірінші басшыларынан  таңдап алынады.
Өңірлік кеңес сайлауы әдеттегі оқиғалардың бірі емес. Яғни, бақылаушы органдар қатарына кез-келген кәсіпкер өзінің кандидатурасын ұсына алады. Алайда, ол тиісті талаптардың бәріне сәйкес келуі қажет.
Бақылаушы органға кандидат жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекет кезінде бизнестің мүдделерін қорғай біліп, белсенділік танытып, әрі кәсіпкерлер арасында сөзі өтетін әлеуметтік жауапкершілігі зор адам болуы тиіс. Кандидаттарды сайлау өңірлік кеңестердің жұмысына оң ықпалын тигізеді деп үміттенеміз. Іс басына келген жаңа тұлғалар жұмысқа тың серпін беріп, тәжірибелі қатысушыларға қосымша күш болады деген ойдамыз. Сондықтан, егер сіз белсенді азаматтық позициясы бар, өз ауданыңыздағы бизнестің жүруін жақсартуға жақсы идеялары мен маңызды мақсаттарға қол жеткізгісі келетін азамат болсаңыз өз кандидатураңызды өңірлік кеңес мүшелігіне ұсынып, сайлауға қатыса аласыз. Бүгінге дейін 40-тан астам өтінім берілді, – дейді Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ақылбек Смағұлов.
 Сайлау қорытындылары  бойынша  облыстық кеңестің 60 пайызы облыс орталығындағы кәсіпкерлік субъектілері мен аккредиттеуден өткен ассоциация өкілдерінен болса, қалған қырық пайызы аудандық кәсіпкерлік субъектілерінен болмақ.
Ақмола облысында құжаттарды Көкшетау қаласы, Абай көшесі 96  мекенжайында орналасқан «Гринвич» бизнес-орталығында   немесе https://vote.atameken.kz  сайтында онлайн түрде тапсыруға болады.
Естеріңізге сала кетсек, Ақмола облысының кәсіпкерлік палатасы  2014 жылы құрылған.  Осы уақыт ішінде әсіресе пандемия кезінде өңірлік кеңес мүшелері облыстың көптеген кәсіпорындардың дамуының басым бағытарын айқындап берді, – дейді кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img