spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолада шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 541 миллион теңге субсидия алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Даму» қорының есебінен жеңілдікті қаржыландыру жобалары жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ақмола облысы бойынша «Даму» қоры филиалының директоры Руслан Ахметов мәлім етті.

Біз 20 жылдан астам уақыттан бері бизнесті мемлекеттік қолдау шеңберінде кәсіпкерлерді қаржыландыру жұмыстарын сәтті жүзеге асырып келеміз. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде осы жылы 1 маусымға дейін шағын және орта бизнес субъектілеріне 541 миллион теңге қаржы бөлінді. Атап айтқанда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 770 миллион теңгенің 7 жобасы жүзеге асса, «Нұрлы жер» бағдарламасымен 150 миллион теңгенің бір жобасы, сондай-ақ ақмолалық 61 кәсіпкердің жобаларына 5,3 миллиард теңге сомасында несие берілді, – деді Руслан Ахметов.

«Даму» қорының деректерінше мемлекеттік бағдарламалар өңірде белсенді жүзеге асуда. Мәселен «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес екінші деңгейлі банктер арқылы жалпы сомасы 200,8 миллион теңгенің 12 жобасы қаржыландырылған. Ал жергілікті «Көкшетау-Бизнес» өңірлік бағдарламасымен 1 көкшетаулық кәсіпкер кәсібін өркендету үшін 15 миллион теңге қаржы алған.

Филиал директорының айтуынша аталған «Көкшетау-Бизнес» бағдарламасын «Даму» қоры мен Көкшетау қаласының әкімдігі бірлесіп іске қосқан. Бағдарлама бойынша қала бюджетінен 50 миллион теңге және «Даму» қорынан 100 миллион бөлініп, жалпы сомасы 150 миллион теңге 8,5 пайыздық өсіммен кәсіпкерлерге 7 жылға несиеге берілмек. Осы бағдарламаны пайдаланған жергілікті кәсіпкерлердің бірі «М.GES» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі несие алып, мамыр айында Ақан сері көшесінде тіс емдеу клиникасын іске қосқан.

Үкіметтің қаулысымен «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасына бірқатар өзгерістер енгізілді. Ендігі кезекте салалық шектеулер алынып тасталып, сауда саласында айналым ақшасын 100 миллион теңгеге дейін несиелік қолдау қарастырылды. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге 6 пайызға дейін мөлшерлеме бекітіліп, несие сомасы 7 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды. Кәсібін жаңа бастағандар үшін жобаның максималды сомасы 360 миллион теңгеге дейін болса, ал көптен бері жұмыс істейтін кәсіпкерлерге 1 миллиард теңгеге дейін несие кепілдігі беріледі. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына да бірқатар оң өзгерістер енгізілді. Несие сомасына шектеу жасалмай, қаржыландыруды есепке алғанда 6 пайыз мөлшерлемемен 10 жылға дейін беріледі. Мұнымен қоса «Даму» қорымен «Нұрлы жер» бағдарламасымен тұрғын үй құрылысы саласында да іргелі жобалар жүзеге асырылуда, – деді филиал директоры.

Жалпы аталған бағдарламадағы енгізілген өзгерістер кәсіпкерлерге бизнесті жүргізуге елеулі көмек болып, оларды қаржыландыру мүмкіндіктерін жоғарылатпақ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img