spot_img
Сенбі, Тамыз 23, 2025
22.2 C
Kokshetau

Аналар үйінің тұрғындарына көмек көрсетілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының қызметкерлері Аналар үйіндегі балалар мен аналарына азын-аулақ сыйлық жасады,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Филиал қызметкерлері қиын жағдайға тап болып, Аналар үйін паналағандардың қал-жағдайларын сұрап, алғашқы қажеттіліктер, жаялықтар мен емізіктер сияқты бірқатар заттар апарып берді. Өмірдің ауыр сынына ұшыраған жас аналарға, әрине, мұндай заттар керек ақ…

Қазіргі кезде бұл жерде 7 жас ана балаларымен тұрып жатыр. Олардың әрқайсысының өз тағдыры, өз қиыншылығы бар. Бұл жер осындай жағдайға тап болған жас аналарға аяқтан тұрып, өз бетінше тірлік кеше алатын жағдайға жеткенше баспана болатын жылы мекен.

Дегенмен мұндағы әйелдердің болашаққа құрған жоспарлары да жоқ емес. Көптеген аналар етек-жеңін жинап, бала бір жасқа толғанннан соң өмір ағымына өздері де ілесіп кетеді дейді мамандар.

Мұндай көмекті филиал қызметкерлері 1-саусым балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында да жасаған болатын. Осы мерекеге орай Аналар үйінің тұрғындарына филиал есебінен азық-түлік, балалар тағамы, шаруашылық-химиялық заттар жеткізілді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Олжас Бектенов автожолдардың сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика