spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында мейрамханалар мен дәмханалар жаңа режимде жұмысын бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысына бірқатар өзгерістер енгізілді. Енді дәмханалар мен мейрамханаларда отыратын орын саны елуден аспайтын болды, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Аталған өзгерістер 30 мамырда өңірдің бас санитар дәрігері Айнагүл Мусинаның қаулысына сәйкес бекітілді. Сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орындары барлық санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға міндеттенді.

Ендігі кезекте мейрамханалар, дәмханалар мен жаздық алаңдар 23.00-ге дейін жұмыс істемек. Дегенмен, той-томалақтар, отбасылық және ұжымдық мерекелерге әзірге шектеу қойылған.

Қаулыға сәйкес көлемі 2000 шаршы метрден асатын азық-түлік сатпайтын дүкендер де таңғы 10.-00-ден 20.00-ге дейін жұмысын жалғастырмақ. Ал ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар және басқа да демалыс орындарына әзірге рұқсат берілмеді.   Сондай-ақ өңірде 8 маусымнан бастап Аршалы және Целиноград ауданынан басқа мектепке дейінгі мекемелер жұмыстарына кіріспек. Коронавирус инфекциясының таралуы әлі жоғары болып тұрған бұл аудандарда балабақшалар тек кезекші топтар ғана балаларды қабылдайды. Дегенмен ,санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен дезинфекциялық шаралар қатаң сақталуы тиіс., – дейді Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина.

Өңірде карантин шараларын сақталуын бақылауға үшін мобильді топтар құрылған. Аталған топқа өңірдің кәсіпкерлер палатасы да кірді.

Бас санитар дәрігердің соңғы қаулысының шеңберінде көптеген бизнес-қауымдастықтардың мәселелері ескерілген. Алайда, халықтың денсаулығын қорғау мақсатында кәсіпкерлерден санитарлық дәрігерлердің нұсқаулары мен талаптарын қатаң сақтауды өтінеміз. Барлық санитарлық шараларды сақталуы қамтамасыз етілуі тиіс. Олай болмаған жағдайда шағын бизнес өкілдеріне 100-200 АЕК, ал орта бизнес субъектілеріне 500 АЕК дейін айыппұл салынады. Тіпті  қызметін тоқтату туралы жаза берілуі мүмкін. Ал егер талаптар орындалмай адамдардың жаппай жұқпалы дертке шалдығып, адам өлімі болса қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ, – дейді Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы міндетін атқарушы Назым Омарова.

Майра Қуанышқызы.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img