spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақкөл ауданында 40 жылдық тарихы бар білім ордасы алғаш рет күрделі жөндеуден өтпек

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақкөл ауданынының Новорыбинка селосында орта мектеп «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде күрделі жөндеуден өтуде, – деп хабарлайды «Aqmola news».
Бұл туралы Ақкөл ауданы әкімдігінен мәлім етті.
Білім ордасын жөндеу «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда. Ауыл мектебін жөндеуге бюджет қоржынынан 118 423 мың. теңге бөлініпті.

Алғашқыда нысандағы жөндеу жұмыстарын 25 мамырда бастауды жоспарлағанбыз. Балалар қашықтан оқыған соң 15 мамырда-ақ іске кірісіп кеттік. Күрделі жөндеуді «Астана-Көктем» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Қазір 29 адам күн-түн демей білім мекемесін бастан-аяқ жөндеп жатыр. Жұмысшылардың 15-і жергілікті тұрғындар. Олар «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде жұмысқа қамтылды. Ауылдағы мектеп-балабақша ғимаратының салынғанына тура 40 жыл толған. Биыл алғаш рет күрделі жөндеуден өткізілмек. Үш ай ішінде құрылысшылар тозған білім ордасын заманауи үлгіде қайта жөндеу жасамақ, – дейді аудан әкімі Алпысбай Қайыржанов.

Мектептің жалпы аумағы 2759 шаршы метрді құрайды. Жөндеу жұмыстары барысында барлық инженерлік желілер, кабинеттер, асхана, спорт залы, есік-терезелер, еден, ғимарат шатыры түгел жөнделмек. Сондай-ақ, мектеп маңындағы аумақты абаттандыру да жоспарланыпты.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img