Өңірдің эпидемиологиялық жағдайы тұрақты болса, маусым айының ортасында қала сыртындағы 20 лагерь мен мектеп жанындағы 450 лагерь және қосымша 300 алаң балаларды қабылдай бастайды,-деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.
Білім және ғылым министірлігі жазғы каникул кезіндегі балалардың бос уақыты мен демалысын, жұмыспен қамтылуына арналған «Қазақтан балалары, жазды шаттықпен өткізейік!» тұжырымдамасын әзірлеуде. Бүгінде облыс бойынша 1-10 сынып аралығында 120 мың оқушы білім алады.
Білім басқармаларында балалар демалысын ұйымдастырудың және балалар денсаулығын жақсартудың дәстүрлі және қашықтық фоматындағы екі әдісі дайындалып жатыр.
Бұл жұмыстар үшін жастар ресурстық орталықтарының еріктілері мен кеңесшілері тартылады деп жоспарлануда.
Қазір біз Сovid-19 коронавирус инфекциясының таралу деңгейінің төмендеуіне қатысты мониторинг жүргізудеміз. Оның қорытындысы әзірге дайын емес. Келесі аптада облыс аумағындағы жағдайға сараптама жасап, оның нәтижелерін аймақтық шұғыл штабтың отырысында ұсынамыз да штаб мүшелерімен қажетті шешім қабылдайтын боламыз. Егер жағдай тұрақты болып жатса, балаларға арналған жазғы демалыс лагерьлері ашылады. Бірақ оларды біз алдымен тексеруден өткізіп, дайындықтарын байқаймыз. Әр демалыс орталығын жеке-жеке қабылдап алуымыз керек,-дейді облыстың бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина.
Егер өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты болса, балалардың жазғы демалысы дәстүрлі түрде өтпек. Яғни, жазғы лагерьлер қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істейді. Оған дайындық шаралары басталып кеткен.
Біз бас санитар дәрігердің қаулысын күтіп отырмыз. Жоспар бойынша бізде қала сыртындағы лагерьлер 15-ші маусымнан бастап жұмыс істейді деп жоспарлануда. Осыған байланысты аудандық бөлім басшыларына тапсырма берілді, олар балаларды қабылдауға дайындық істеп жатыр. Барлық талаптар сақталуы керек,-дейді облыстық білім басқармасының жетекшісінің орынбасары Ботагөз Дүйсенова.
Эпидемиологиялық жағдай тұрақты болса, өңірдегі мектептен тыс орталықтар өз жұмысын штаттық режимде жалғастырады. Қазіргі кезде орталықтар балалар демалысын көңілді әрі пайдалы өткізу үшін түрлі байқаулар мен форумдар, әр түрлі іс-шаралар өткізуге дайындалуда.