Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров онлайн режимде азаматтарға қабылдау жүргізеді. Бұл туралы Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды «Aqmola news».
Азаматтарды онлайн байланыс бейнеконференциясы арқылы қабылдау 29 сәуір күні сағат 10.00-де басталмақ.
Облыстық сот төрағасының қабылдауы...
Ақмола облысының құтқарушылары, полиция және жергілікті атқарушы органдармен бірге Қорғалжын ауданы, Арықты ауылының 51 жастағы тұрғынын іздеуде. Ол 23 сәуір күні үйінен шығып сол күйі оралмаған, - деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме...
Экспресс-тестілеудің көмегімен Ақмола облысында полиция қызметкері мен жүкті әйелден коронавирус анықталды. Бұл туралы Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина мәлім етті - деп хабарлайды «Aqmola news».
Департамент басшысының айтуынша, 17 сәуірден басталған тестілеу барысында 7 мыңнан астам ақмолалық...
Ақмола облысы Біржан сал ауданында «Прогресс» шаруа қожалығы жылыжайда құлпынай өсіруде. Эксперимент түрінде шаруасына кіріскен кәсіпкер биыл 5 тоннаға дейін құлпынай өнімін нарыққа шығармақ, - деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруа қожалығы жылыжайда құлпынай...
Бүгін Көкшетауда мазут сақтайтын қолданылмайтын резервуар өртенді, - деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақан сері көшесінде «КөкшеПромСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында орналасқан қолданылмайтын мазут резервуарында өрт күндізгі 12 шамасында тұтанған.
Бірден тілсіз жауды...
Көкшетауда саяжайларға тұрғындарды тасымалдау мәселесі шешілді. Бұл туралы Ақмола облысының «Жолаушылар тасымалы ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасы Рустем Қалышев мәлім етті, - деп хабарлайды «Aqmola news».
Рүстем Серікұлының айтуынша сайжайлары бар азаматтарға арнап автобустар қатынасы күніне екі мәрте жүреді.
Барлығы екі...
Карантинді бәсеңдету үш кезеңде жүзеге аспақ. Бұл туралы бүгін Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина мәлім етті, - деп хабарлайды «Aqmola news».
Ақмола облысы бас санитар дәрігерінің қаулысымен бүгіннен бастап жаңа қаулы күшіне енді.
Карантин режимі сақталады. Жаңа қаулыға сәйкес...
Төтенше жағдай режимі кезінде коммуналдық төлемдерге бөлінетін 15 мың теңге сомасындағы қаражат 7 санат бойынша берілетін болады. Бұл туралы бүгін «ANTIКOR.LIVE» жобасы шеңберінде «Antikor ortalyǵy» сервистік орталығында әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы өткен сұхбат барысында мәлім болды, - деп...
Қазақстанда төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев бүгінгі мәлімдемесінде жариялады, - деп хабарлайды «Aqmola news».
Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, мен Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін...
Көкшетау қаласының ірі азық-түлік базарларына кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мамандары рейд шараларын ұйымдастырды, - деп хабарлайды «Aqmola news».
Мамандар «Орталық базар», «Рубин» сауда үйлеріндегі азық-түлік бағаларын назарға алды.
Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика мен сауда және интеграция министрліктерімен төтенше жағдай кезеңінде...