spot_img
Жексенбі, Шілде 6, 2025
20.4 C
Kokshetau

Көкшетауда базарлар дезинфекцияланып жатыр (ВИДЕО)

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласында коронавирус пандемиясының таралуына жол бермеу мақсатында қоғамдық орындар мен көшелерде, тұрғын үйлердің падъездерінде дезинфекциялау жұмыстары күшейтілді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Көкшетау техникалық институтының жеке құрамындағы арнайы отряды қаладағы базарларды дезинфекциялауға кірісті. Бұл жұмысты бір мезетте 20 сарбаз атқарып шықты.

Сарбаздар «Жібек жолы», «Орталық базар» маңайына зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізді.

Бүгінде қаланы вирустан қорғауға әскери ұйымдар  белсенді үлес қосуда. Сонымен қатар КАИК кәсіпорны  қала көшелеріне дизенфекциялау үшін инженерлік қондырғы жасап шығарды. Қала көшелерін жуатын машиналарға бүріккіштер орнатылды. Аталған көліктер күнделікті тазарту жұмыстарына жұмылдырылуда.

Микроаудандардағы тұрғын үйлердің аулаларын микроптардан тазаруға ҚР қорғаныс министрлігінің Шохан Уәлиханов атындағы кадет корпусының жеке құрамы да атсалысқан.

Пәтер иелері кооперативі де падъездерді дезинфекциялауды тұрақты жүргізуде.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика