spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмолада мемлекеттік қызмет түрлерін қалай алуға болатыны тікелей эфирде түсіндірілді

Сондай-ақ...оқыңыз

«Antikor ortalyǵy» сервистік орталығында әлеуметтік желілердегі тікелей эфир арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы өкілдерімен «Сыр сұхбат» түсіндіру әңгімелері өткізілді, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы фрон-кеңсесінің сарапшысы Әсет Сәрсекеев пен Көкшетау қаласы ХҚКО №1 бөлімі басшысының орынбасары Оксана Кособокова коронавирус инфекциясына байланысты елде төтенше жағдай енгізілгендіктен электронды мемлекеттік қызметтерді азаматтардың алу тәртібі жөнінде әңгімелеп берді.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді тек онлайн ала алатыны белгілі. Спикерлердің айтуынша, мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы egov.kz порталында қолжетімді. Сонымен қатар кейбір қызмет түрлері ЕgovМоbile, телеграм-боте eGovKzBot2.0 және  Facebook ВКонтакте әлеуметтік желілерінде алуға болады. Сонымен қатар азаматтарға арналған үкімет қызметкерлері бейне қоңыраумен тіркеуді жүзеге асыруда. Көлік жүргізу куәліктерін онлайн түрде қайта тіркеген немесе ауыстырған автокөлік иелері құжаттарын тек дайын құжаттарды беретін терезе ғана жұмыс істейтін арнайы ХҚКО-нан ала алады, – деді Оксана Кособокова.

Филиал өкілдері 21 наурызға дейін ХҚКО-на құжаттарын тапсырып үлгерген азаматтар дәл сол ХҚКО-да дайын құжаттарын алуға мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img