Ақмола облысында карантин енгізілуіне байланысты қандай шектеулер болатыны жөнінде Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында өңірдің бас санитар дәрігері Айна Мусина түсініктеме берді, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.
Ақмола облысының тұрғындарына:
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылдың 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше ағдай енгізу туралы» №285 Жарлығына және Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссияның 2020 жылдың 17 наурыздағы №2 шешіміне сәйкес төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету;
- Аудандарға, елдімекендерге жаяу және көлікте де қозғалысты барынша шектеу;
- Сауда, дәріханаларды аралау және қоғамдық көліктерді пайдалану кезінде және жұмыс орындарында бір-бірінен кемінде 2 метр қашықтықты сақтау, маскалық режимді сақтау;
- Респираторлық инфекция белгілері (түшкіру, температура) пайда болған жағдайда 103 нөмірімен жедел медициналық көмек шақыру жолымен дереу медициналық көмекке жүгіну;
- Ересектерсіз кәмелет жасына толмағандардың жүріп-тұруына тыйым салу;
- Полиция және денсаулық сақтау қызметкерлерінің талаптарын сақтау, оларға инфекцияның алдын алуға және анықтауға ықпал ету.
- Нұр-Сұлтан қаласы карантин аймағына кіретін Аршалы және Целиноград ауданы елдімекендерінің тұрғындарыкоронавирус инфекциясының таралуын алдын алу шараларына жұмылдырылған және Нұр-Сұлтан қаласындағы нысандарда жұмыс істейтін адамдардан басқа медициналық көрсетімдермен, карантиндік стационарларда бақылауда және емдеудегі адамдардан басқаларға тұлғаларда аталған елдімекендерден шығуына тыйым салу).
- Қызметін тоқтату:
1) алғашқы қажетті тауарларды сататын бөлімдерден басқа азық-түлік емес тауарларды сататын барлық сауда орындары;
2) балалар орталықтары, балалар ойын алаңдары, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары(дамыту орталықтары, үйірмелер, факультативтер және басқалары), компьютерлік клубтар;
3) отбасылық демалыс орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, түнгі клубтар, фитнес-орталықтар, жаттығу залдары, парктер, гүлзарлар, басқа да адамдар көп жиналатын спорттық және көңіл көтеру нысандары;
4) ломбардтар, букмекерлік кеңселер;
5) спорттық кешендер (үйірмелер, секциялар және басқалары);
6) санаториялық-курорттық нысандар оның ішінде оңалту, сауықтыру және емдеу қызметін көрсететін нысандар;
7) люкс класты қонақжайлардан басқа туристік нысандар;
8) кальян және қоғамдық тамақтану нысандары;
9) сыйымдылығы 20 орындық қоғамдық моншалар, бассейндер.
- Қоғамдық тамақтану нысандарының иелері (мейрамханалар, дәмханалар, асханалар, жылдам тамақтану орындары) жұмыстарын тоқтату және тек онлайн жеткізу және тапсырыстар қабылдау.
- Азық-түлік сауда желілерінің иелеріне, супермаркеттер, сауда орталықтарындағы азық-түлік бөлімдеріне санитарлық және дезинфекциялық шараларды сақтай отырып штаттық режимде үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету;
– қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету.
- Барлық түрдегі кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларына жұмыс орындарын сақтау және өзін оқшаулауда болған кезеңде аурухана парағына төлем жасау.
- Қажет болған жағдайда қосымша шектеулер енгізілетін болады.
- Аталған қаулы 31 наурыз сағат 19.00-ден бастап күшіне енеді