spot_img
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
20.2 C
Kokshetau

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов: Дүкендерде дүрбелең туғызып, жағдайды қиындатудың қажеті жоқ

Сондай-ақ...оқыңыз

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметіне сәйкес, бүгінде Көкшетауда тұрақтандыру қорында 14 тонна күріш, 2 тонна бидай ұны, 16 тонна қарақұмық жармасы, 5 тонна сары май, 3 тонна өсімдік және күнбағыс майы бар. Бұл өнімдер базар бағасынан төмен «Қамқор» базарында саудалануда,- деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Бұл мәліметті ӨКҚ-де өткен брифингте Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов хабарлады. Сонымен қатар 11 тонна картоп, 400 тонна сәбіз, 21 тонна бидай ұны өндіруші кәсіпорындарының қорында сақтаулы. Қаланы тауармен қамтамасыз ету қоры 2 айдан 5 айға дейін жеткілікті.
Ағымдағы жылы «Есіл» «АӘКмен» бірлесіп олардың қажеттіліктеріне сәйкес бірқатар қосымша тауарларды сатып алу жоспарлануда.Тауарларды сатып алуға 500 миллион теңге қарастырылған. Сатып алынған тауарлар базармен біріктірілмек,-дейді Ербол Оспанов.
Жиын барысында спикер аталған өнімдердің базардағы бағасына да тоқталды. Халықаралық жағдайдың ушығуы мен мұнай бағасының құлдырап, АҚШ долларының шарықтауына байланысты өңірдегі көтерме сауда бағасының 10-15 пайызға көтерілгені байқалды.Бұған басқа өңірлер тауарларды өздері өндірмегендіктен шетелдік дистрибьютерлерден көтерілген бағада азық-түлік өнімдерін сатып алуы себеп болған.
Бүгінде жағдай тұрақты және 19 әлеуметтік тауардың қоры жеткілікті. Дүкендерде тауар тапшылығы жоқ. Азаматтардың өздері дүрбелең туғызатынын атап өткен жөн. Қор жасау қажет, бірақ дәл осындай ірі көлемде қамданудың қажеті жоқ, – деді кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жолдау-2024 жүзеге асыру: МӘМС жүйесімен қосымша 1 млн-нан астам адам қамтылады

Мемлекет басшысының Жолдауын және өзге де тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика