spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau

Коронавирус Қазақстан экономикасына қалай әсер етіп жатыр?

Сондай-ақ...оқыңыз

 Қаржы министрі Әлихан Смайылов Қытайдағы коронавирус инфекциясының ықпалы Қазақстан экономикасына қалай әсер еткенін айтып берді, деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • Республикалық бюджеттің кірістерінің толығымен орындалмауы – сыртқы факторлардың әсерінен болып отыр. Біріншіден, Қытайда өткен жылдың соңында пайда болған коронавирус эпидемиясының таралуы импортқа салынатын қосылған құн салығының көлеміне теріс әсерін тигізуде. Атап айтқанда, биыл ақпан айында қытайлық импорттың көлемі 2019 жылдың ақпанымен салыстырғанда 11 пайызға, ал физикалық көлемі 27 пайызға төмендеді», – деді Әлихан СмайыловҮкімет отырысында.

Қаржы министрінің айтуынша осының салдарынан Қытайдан келетін импорттық тауарлардан түсетін кедендік баждар мен салықтардың көлемі 12 пайызға, яғни 2,1 млрд теңгеге азайған. «Жалпы есептік кезеңде Қытайдан келетін автокөлік құралдарының саны 24 пайызға және темір жол көліктері 14 пайызға азайды. Одан басқа, ақпан айында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен импорт тасымалдайтын автокөліктің саны 20 пайызға төмендеген.

Әлихан Смайылов, сондай-ақ, сыртқы нарықта бағалардың төмендеуі де республикалық бюджеттің кірістерінің толығымен орындалмауына себеп болып отырғанын айтады.

Мыстың бағасы 6 пайызға, алюминий 5 пайызға, мырыш 10 пайызға, қорғасынның 3 пайызға төмендеуі корпоративтік табыс салығын төлемшілердің аванстық төлемдерінің азаюына әсер етті. Сонымен бірге, 18 екінші деңгейлі банктерден түсімдері 56 пайызға азайды. Сыртқы теріс факторлардың әсеріне қарамастан қосылған құн салығы бойынша 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 110,5 пайыздық өсім қарқыны қамтамасыз етілді, – деді қаржы министрі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img