spot_img
Дүйсенбі, Тамыз 18, 2025
12.9 C
Kokshetau

Aуған соғысы құрбандарын еске алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда совет үкіметі әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына байланысты интернационалистжауынгерлер саябағындағы ескерткішке гүл шоқтарын қою шарасы өтті, деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, ооблыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Ералин, облыстық қорғаныс істері департаментінің бастығы, подполковник Руслан Қасымов, «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дуанбай Ыбырай, Ауған соғысына қатысушылар және әскери-патриоттық клуб пен жастар бірлестігінің өкілдері интернационалист-жауынгерлер қатысты.

Жиында ауған соғысының бір топ ардагері облыс әкімі орынбасарының Алғыс хатымен марапатталды.

«Осыдан 31 жыл бұрын 15 ақпан күні Совет одағы әскерлерінің соңғы шебі Ауған жерінен шығарылды. Отан үшін от кешкен ардагерлеріміздің ерлігі еш ұмытылмайды», – деді Айна Мысырәлімова.

Ақмола облыстық қорғаныс істері департаментінің бастығы Руслан Қасымовтың айтуынша, Ақмола өңірінен ауған жеріне 1113 ақмолалық аттанып, оның 60-қа жуығы үйіне оралмаған.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының екі ауданында күздік дақылдарды жинау аяқталды – 51,1 мың тонна астық жиналды

Еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі – Ақмола облысы егін жинауға кірісті. Жұмыстарға 7 мыңнан астам астық жинайтын комбайн тартылды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика