spot_img
Сәрсенбі, Шілде 30, 2025
23.2 C
Kokshetau

Көкшетауда бас шырша жағылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Жаңа жылдық шыршаны жағу рәсіміне облыс әкімі Ермек Маржықбаев қатысып, жиналған қауымды алда келе жатқан мерекемен құттықтап, жаңа жылда жаңа бастамалар мен жаңа мақсаттар тіледі деп хабарлайды Aqmola news.

Абылай хан алаңында жаңа жыл мерекесіне орай, мерекелік шара ұйымдастырылып, облыстық басқармалар мен мемлкеттік мекемелердің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қала тұрғындары, жастар қатысты. Қаланың орталығына құрылған шыршаның ұзындығы 22 метр. Жалпы Көкшедегі мұз қалашық пен ойын алаңдарын салу жұмыстарына 35 адам жұмылдырылған болса, оның 15-і суретшілер. Ал қалашықтың мүсіншілері арнайы ұйымдастырылған байқау жеңімпаздары. Бүгінде қала бойынша 5 сырғанақ жұмыс істеп тұр.

Қалашықтағы аяз ата мен Қаршақыз және жыл иесі тышқан бейнесі, ертегі кейіпкерлері ойын баласына тартылған тосын сый болары хақ. Қала тұрғындары мен қонақтарына театрландырылған қойылым мен концерттік бағдарлама ұсынылды, сондай-ақ алаңға ыстық шәй мен нан өнімдерін ұсынған сауда нүктелері орналастырылды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Халықаралық қоғамдастық Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан -Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 5-ші отырысын өткізді.

Жиын барысында Мемлекет басшысы Түркияның ежелден бауырлас, тамырлас және түбі бір туысқан ел екенін атап өтіп, ортақ тарихи және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика