spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Ақмолада «Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда аймақ басшысы Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының 22-ші сессиясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бірлік пен келісім – қоғамды әлеуметтік жаңғыртудың негізі» тақырыбымен өткен сессия жұмысына ассамблея мүшелері, этномәдени және діни бірлестіктердің төрағалары, мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, ҮЕҰ басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы сессияны ашып, еліміз өзінің дамуында қоғам өмірінің барлық салаларында ауқымды өзгерістер жүргізіліп жатқан жаңа тарихи кезеңге қадам басқанын айтып өтті.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының 27-ші сессиясында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қоғамда тұрақтылықты сақтау мен нығайтуға бағытталған тетіктердің бұдан әрі жұмылдырылған және тиімді жұмысын қамтамасыз ету міндетін жүктеді», – деді Ермек Маржықпаев.

Сонымен қатар, аймақ басшысы облыстық ассамблея хатшылығына тиісті басқармалармен бірлесіп өңірде «Тұңғыш Президенттің жолымен» халықтық экспедияциясы» жобасын жүзеге асыруды, мемлекеттік тілді оқыту бойынша «Мәміле» клубының жұмысын күшейтуді, медиацияны дамыту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.

Келесі жылы Қазақстанда бірқатар мерейтойлар атап өтіледі. Олар – Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығы, Әл Фарабидің 1150 жылдығы.

«Этномәдени бірлестіктер мен ҚХА мүшелері мерейлі жылы білім беру, әлеуметтік жобалар әзірлеп жүзеге асырулары, қайрымдылық акцияларын өткізулері керек. Жұмыс кешенді және жүйелі сипатта болауы қажет», – деді аймақ басшысы.

Сесссия барысында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының жаңа орынбасары – Норик Ашотович Магламян таныстырылды, сонымен қатар Ақмолалық ҚХА-ның жаңа құрамы бекітілді.

Облыстық ассамблеяның белсенді мүшелері салтанатты түрде облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды, сондай-ақ, журналистика саласындағы «Шаңырақ» облыстық шығармашылық байқауының жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Сессияның қорытындысы бойынша үндеу қабылданды, онда Ақмола ассамблеясы облыс халқын қоғамдағы тұрақтылықты, этносаралық келісім мен бірлікті нығайтуға шақырды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img