spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 7, 2025
18.2 C
Kokshetau

Ақмола облысының әкiмi Израиль Елшiсiмен кездестi

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Израиль Мемлекетiнiң Қазақстандағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi Лиат Вексельман ханыммен кездестi, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында туризм мен ауыл шаруашылығын дамыту бөлiгiнде тараптардың перспективалы қарым-қатынастарының мәселелерi талқыланды. Облыс әкiмi израильдiк инвестицияларды, технологиялар трансфертiн тартуға қызығушылық танытты.

Израиль мемлекетi бүгiнгi таңда агротехнологиялар, жоғары технологиялы ауыл шаруашылығы салаларында беделдi болып табылады.

Ақмола облысының жағдайында мұндай технологияларды енгiзу өзара ұтымды және пайдалы шарттармен агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың жаңа деңгейiне шығуға мүмкiндiк бередi.

Сонымен қатар, тараптар бiрқатар бастамаларды жүзеге асыру бойынша нақты шаралар қолдану мақсатында өңiрге келуi үшiн израильдiк бизнесмендер делегациясын құру туралы келiсiмге қол жеткiздi.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысындағы су тасқыны жағдайы бақылауда

Қазіргі уақытта Бұланды ауданында су тасқыны шыңы төмендеуде. Азаматтық қорғау күштері су тасқыны салдарын азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img