spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Аршалыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде 164 жоба жүзеге асырылған.

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Аршалы ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде 164 жоба жүзеге асырылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Талғат Мұханбеджанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Әкімнің сөзінше, биылғы Жастар жылы аясында «Иманжүсіп Құтпанұлы: тағдыр тағылымы» атты облыстық жас ақындар байқауы өткізіліпті. Сондай-ақ, аудан тұрғындары «Ақмола жұлдыздары» облыстық көркемөнерпаздар байқауына, «Аршалы дарыны» ғылыми жұмыстар байқауына да белсене қатысқан. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы – идеологиялық маңызды стратегиялық құжат. Мұнда қоғамымыздың дамуы, ұлтымыздың қалыптасуы, салт-санамыз бен қазақстандық мәдениетті сақтау жолдары нақты айтылған. «Туған жер» арнайы бағдарламасы аясында меценаттардың қаржылай көмегінің арқасында 3 әлеуметтік нысан қайта жаңартылды. Ижевск ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жүргізілді. Барлық әлеуметтік жобаларға қолдау көрсететін меценатымыз Ибрагим Жанғоразовтың есімін ерекше атап өткім келеді. Кәсіпкер жас мамандарды қолдау мақсатымен екі көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізді», – деді Талғат Мұханбеджанов. Сонымен қатар, аудан әкімі кәсіпкер Александр Гусевтің де «Туған жер» бағдарламасын іске асыруға атсалысып, аудандағы балабақшаны күрделі жөндеуден өткізуге қаражат бөлгенін ерекше атап өтті. Брифингте «Еңбек-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін басқарып отырған меценат Бағдат Амангелдіқызының есімі де атаусыз қалмады. Ол Константиновка ауылдық округіне жедел жәрдем көлігін сатып әперіпті. Бүгінгі таңда ауданда киелі жерлерді қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. «Киелі жерлер географиясы» арнайы жобасы аясында осы өңірден шыққан атақты ақын Иманжүсіп Құтпанұлының өмірін көпшілікке насихаттау мақсатында шаралар қолға алынған. Сондай-ақ, ауданда аты аңызға толы Аюлы шоқысы мен Жылантас деп аталатын киелі орындар бар. Халық аузында Күзетшітау деп есте қалған Аюлы шоқысы табиғи ескерткіші Аршалы ауданының Константинов селолық округiнiң аймағында орналасқан. Жоңғар басқыншылығы кездерiнде Аюлы шоқысы қорғаныс бекетi болған деседі. Аюлы шоқысында қарауылдаған күзетшi оңтүстiк-шығыс жақтан келе жатқан жауды көрiп от жағып белгi беретiн, ал ауыл тұрғындары отты көрiп үңгiрлерге тығылған екен. «Жалпы, ауданда киелі жерлер баршылық. Бүгінгі күні оларды зерттеп, насихаттау басты жұмысымыз. Осы бағытта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 70 миллион теңгені құрайтын 164 жоба іске асырылды», деп толықтырды аудан әкімі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img