Ақмола облысындағы «Жұлдыз» балаларды сауықтыру орталығында дәстүрлі «Менің Отаным-Қазақстан» республикалық туристік экспедициясының 2-ші облыстық кезеңінің ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Visit Aqmola» туристік ақпарат орталығының қолдауымен Ақмола облыстық білім басқармасы ұйымдастырған шараға облыстың Біржан сал, Ақкөл, Зеренді, Есіл, Аршалы, Атбасар, Жақсы, Қорғалжын және Сандықтау, аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан келген 137 баладан құралған 20 команда қатысуда. «Шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, балалар мен жаспірімдер және жастар туризмін дамыту, өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен патриотизмге тәрбиелеу», дейді «Visit Aqmola» туристік ақпарат орталығының мамандары