spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмола облысында пәтерден 1 миллион теңгенің мүлкін тонағандар ұсталды.

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында пәтерден 1 миллион теңгенің мүлкін тонағандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, облыс аумағында 3 тәуліктің ішінде 29 пәтер ұрлығы ашылса, оның 10 жақында жасалған болса, 29 бұрын тіркелген. «Биылғы жылдың тамыз айында жасалған осындай қылмыстардың бірін Көкшетау қалалық ПБ қызметкерлері ашты. Бұл туралы қалалық ПБ кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Зардап шегушінің сөзінше, белгісіз біреулер оның үйіне пластик терезені бұзып кіріп, жеке заттарын ұрлап кеткен. Ұрылар ақша, екі ноутбук, ұялы телефон, сондай-ақ, құндыз тонды қолды қылған. Пәтер иесіне келтірілген шығын көлемі 1 100 000 теңгені құрады», дейді ведомстводан. Жедел іздестіру шарасы барысында күдікті ретінде 45 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қазіргі кезде оның осындай өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталу үстінде. Осыған қарай, полиция қызметкерлері ақмолалықтарды ұрылардан сақ болуға, үйге сенімді есіктер мен құлыптарды және дабыл қаққыштарды орнатуға кеңес береді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img