Ақмола облысында 36 бас қойды ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, мал ұрлығы биылғы жылдың тамыз айының басында Астархан ауданының Зеленое ауылында тіркелген. 61 жастағы зардап шегушінің сөзінше, 5-ші тамыз күні түнде белгісіз адамдар жазғы қорадан 36 айдап әкеткен. Келтірілген шығын көлемі 900 000 теңгені құрады.
«Тәртіп сақшылары Астрахан және көрші аудандар мен Елорда аумағында жедел іздестіру шарасын жүргізді. Нәтижесінде Шілікті ауылының екі тұрғыны анықталды. Қазіргі кезде, полиция қызметкерлері күдіктілердің осындай өзге қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтауда», дейді ведомстводан.
Осыған орай, тәртіп сақшылары мал иелеріне түліктеріне ен, таңба салуды, сондай-ақ, ұжымдасып бағуды және малшымен үшжақты келісімшарт жасау керектігін ескертеді.
Айта кету керек, тәртіп сақшылары жыл басынан бері мал ұрлығына қатысты 76 қылмыстың бетін ашып, 350 бастан астам мал иесіне қайтарылды.