В сентябре 2022 года Глава государства Касым-Жомарт Токаев в Послании народу Казахстана «Справедливое государство. Единая нация. Благополучное общество» инициировал старт проекта «Национальный фонд – детям». В рамках данной инициативы казахстанским детям, которым еще не исполнилось 18 лет, в 2025 году начислено по 129,38 долларов США.
Забота о молодом поколении является безусловным приоритетом государственной политики. Сегодня казахстанские семьи могут рассчитывать на помощь государства на каждом этапе – от рождения ребенка до вступления его во взрослую жизнь. Инициатива Президента РК Касым-Жомарта Токаева направлена на повышение благосостояния будущих поколений, создание условий для успешного старта и поддержки образования молодых людей. Начиная с 2024 года ежегодно казахстанским детям начисляются средства из Нацфонда, включая инвестиционный доход, до достижения ими 18 лет.
«Мы создаем основу для улучшения качества жизни наших граждан и обеспечения лучшего будущего для наших детей», — Касым-Жомарт Токаев, Президент РК.
Программа «Национальный фонд – детям» нацелена на исполнение главной миссии – обеспечить каждому ребенку долю от национального богатства страны путем сбережения финансовых ресурсов посредством формирования накоплений для будущих поколений.
В 2024 году в программе «Национальный фонд – детям» приняли участие 6 919 131 человек (дети, рожденные с 2006 по 2023 г.г. включительно), каждому из них было начислено по 100,52 долларов США. Общая сумма начисления составила 695,5 млн долларов США. Из общего количества детей, которым начислялись деньги из Нацфонда, 304 815 человек в 2024 году, достигли 18 лет, суммарно им было перечислено 30,6 млн долларов США.
Всего в 2025 году каждому ребенку начислено по 129,38 долларов США.
У детей, которые участвуют в программе уже два года, общая сумма накоплений с учетом полученного инвестиционного дохода составила 232,94 доллара США.
Информация о начислениях по программе «Национальный фонд – детям» на портале eGov.kz и в мобильном приложении eGov Mobile отобразится 1 февраля 2025 года.
Механизм выплат максимально простой. Информацию об участии ребенка в программе и начисленных суммах можно посмотреть на специально созданном сайте kids.enpf.kz, указав ИИН ребенка. Там же можно ознакомиться с условиями программы, получить инструкции, ответы на интересующие вопросы. Данные о начислениях ребенку также можно увидеть в личном кабинете на портале egov.kz и в приложениях Halyk и Kaspi.kz.
Одна из важнейших задач государства – обеспечение равных возможностей для получения образования и приобретения жилья. Программа «Национальный фонд – детям» становится ощутимой поддержкой для молодых казахстанцев.
Использовать накопленную сумму молодые люди смогут при достижении 18 лет. Накопления перечисляются на счета в ЕНПФ, подав заявку через приложение уполномоченных операторов (Отбасы банк и Народный банк), получатели могут направить их на улучшение жилищных условий и (или) оплату образования.
На 1 января 2025 года на эти цели была подана 66 571 заявка, из которых исполнена 53 001 на общую сумму 5 316,7 тыс. долларов США. На улучшение жилищных условий подано 34 388 заявок, исполнено 29 542 заявки и выплачено 2 964 тыс. долларов США. На оплату образования подано 32 183 заявки, исполнено 23 459 заявок и выплачено 2 352,7 тыс. долларов США.
В текущем году 6 921 035 детей участвуют в программе (дети — рожденные с 2007 по 2024 г.г. включительно), из них 324 430 детям в 2025 году исполняется 18 лет.
Использование средств Национального фонда для поддержки молодого поколения казахстанцев — стратегическое решение, направленное на устойчивое развитие страны. Данная инициатива способствует улучшению качества жизни и дает уверенность молодым казахстанцам в будущем.
Пресс-служба ДГД по Акмолинской области
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қазақстандық балаларға 888 млн доллар аударылды
2022 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын көтерген болатын. Осы бастаманың аясында 2025 жылы 18 жасқа толмаған қазақстандық балаларға 129,38 доллары көлемінде қаражат аударылды.
Өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсету – мемлекеттік саясаттағы басымдыққа ие бағыттардың бірі. Қазір еліміздегі отбасылар баланың дүниеге келген сәтінен бастап оның ер жеткеніне дейін мемлекеттің қолдауына сенімді бола алады. Айталық, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы жас азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, сондай-ақ білім алуына жан-жақты жағдай жасап, табысты болуларына бағытталған. 2024 жылдан бастап жылма-жыл қазақстандық балаларға 18 жасқа толғанға дейін инвестициялық табысты қоса алғанда, Ұлттық қордан қаражат аударылып келеді.
«Біз азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартып, балаларымызға кемел келешекті құрудың негізін қалап жатырмыз»,- Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті.
«Ұлттық қор – балаларға» жобасының басты миссиясы – келер ұрпаққа арналған жинақтарды қалыптастыру арқылы қаржы ресурстарын үнемдеу жолымен әр балаға ұлттық байлықтан тиесілі үлесті беруді көздейді.
2024 жылы аталған бағдарламаға 6 919 131 адам қатысып (2006-2023 ж.ж. туған балаларды қоса алғанда), олардың әрбірінің шотына 100,52 доллар жіберілді. Аударылған ақшаның жалпы сомасы – 695,5 млн доллар. Тұтастай алғанда, осы бағдарламамен қамтылғандардың жалпы санынан 304 815 адам 2024 жылы 18 жасқа толып, оларға жалпы сомасы 30,6 млн доллар аударылды.
2025 жылы әр балаға жаплы 129,38 доллар аударылды.
Бағдарламаға екі жылдан бері қатысып келе жатқан балалардың (инвестициялық кірісті қоса алғанда) жинақтарының жалпы сомасы 232,94 долларға ұлғайды.
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша аударымдар туралы ақпарат eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында 2025 ж. 1 ақпанда көрсетіледі.
Төлем тетігі барынша қарапайым. Баланың бағдарламаға қатысуы мен есептелген ақша туралы ақпаратты баланың ЖСН енгізе отырып, арнайы құрылған kids.enpf.kz сайтынан көруге болады. Онда бағдарламаның шарттарымен танысып, нұсқаулықтар, сол секілді өзекті сұрақтардың жауаптарын ала аласыз. Бұдан бөлек балаға арналған аударымдар туралы деректерді eGov.kz порталындағы жеке кабинетке кіріп, сондай-ақ Kaspi.kz, Halyk қосымшалары арқылы да көруге болады.
Мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі – білім мен баспана алуға баршаға тең мүмкіндік беру. Осы тұрғыдан алғанда, «Ұлттық қор – балаларға» бастамасы жас қазақстандықтар үшін айтарлықтай қолдауға айналды.
Жинақталған соманы кез келген жас азамат 18 жасқа толғанда пайдалана алады. Жинақтар БЖЗҚ-дағы шоттарға аударылады және жобаның ресонденттері уәкілетті операторлардың (Отбасы банкі және Халық банкі) қосымшасы арқылы өтініш бере отырып, тиісті соманы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) білім алуға жұмсай алады.
2025 жылдың 1 қаңтарында бұл мақсатқа 66 571 өтінім беріліп, оның ішінде жалпы сомасы 5 316,7 мың долларға 53 001 өтінім орындалды. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға 34 388 өтінім берілді, оның ішінде 29 542-сі орындалып, 2 964 мың доллары төленді. Білім беру бойынша 32 183 өтінім жолданып, оның ішінде 23 459 өтінім қанағаттандырылып, 2 352,7 мың доллар төленді.
Биыл бағдарламаға 6 921 035 бала қатысып жатыр (2007 жылдан 2024 жылға дейін туған балалар). Олардың ішінде 324 430 азамат 2025 жылы 18 жасқа толады.
Ұлттық қордың қаражатын жас отандастарымызды қолдау мақсатында пайдалану – еліміздің орнықты дамуына бағытталған стратегиялық шешім. Аталған бастама өмір сүру сапасын жақсартуға оң әсер етіп, кейінгі ұрпаққа болашаққа зор сеніммен қарауға мүмкіндік береді.
Ақмола облысы бойынша МКД баспасөз қызметі