spot_img
Воскресенье, 19 мая, 2024
-14.7 C
Кокшетау

Жастар ұйымының басшысы референдумға қатысудың маңызын айтты

Вам может быть интересно

Қазақстан студенттері альянсының президенті, ҚР Сенат жанындағы жастар мәселелері жөніндегі кеңес мүшесі Ілияс Түстікбаев 5 маусымдағы республикалық референдумға жастардың белсенді қатысуы не үшін маңызды екенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің даусым ештеңе шешпейді», «Мен барғанмен ештеңе өзгермейді» деген болмайды. Осы жолы әсіресе жастар белсенділік танытуымыз керек. Алдағы айлауларда, алдағы өзгерістерде де азаматтық борышымызды өтеуіміз керек. Қателеспесем, Швейцария әр мәселеге референдум өткізе береді екен. Олар үшін референдум – қалыпты, жалпыхалықтық сайлау. Мысалы, қоғамдық орында темекі шегу мәселесі бойынша пікір екіге жарылса, референдумға шығара салады. Сол референдумдағы халықтың даусы арқылы мәселеге нүкте қойып отырады. Кез келген мәселе реформа арқылы шешіледі. Біз де соған келуіміз керек», — деді ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен дөңгелек үстелде. Сондай-ақ бұдан кейінгі референдумдарға осы жолғыдай күрделі пакет ұсынылмауы мүмкін деген пайымын айтты. «Бізде бұл жолғы референдум бастапқысы болғаннан кейін осылай көп айтылып, талқыланып жатуы заңды. 1977 жылдан кейін туған азаматтардың бәрі өмірінде бірінші рет референдумда дауыс бергелі тұр. Кез келген мәселені халықпен санасу арқылы, халықтың ой-пікірін білу арқылы шешсек, дұрыс болады. Бұл – соның бастамасы деп есептеймін», — деді Қазақстан студенттері альянсының президенті. Айта кетейік, референдумға баратын қазақстандықтарға мына мәліметтерді білгені абзал. Автор:

https://www.inform.kz/kz/zhastar-uyymynyn-basshysy-referendumga-katysudyn-manyzyn-aytty_a3939386

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- Реклама -spot_img

Последние новости

Определены победители регионального отборочного этапа 15-й Национальной Дельфийской игры в Кокшетау

Сегодня завершился региональный отборочный этап XV Национальных Дельфийских игр. Дельфийские игры - сложное соревнование, объединяющее молодых специалистов в изобразительном,...
- Реклама -spot_img

Похожие новости