spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Көкшетауда тарифтерге қатысты 463,5 миллион теңге сомасында негізсіз кірістертер анықталған

Сондай-ақ...оқыңыз

«Көкшетау энергетикалық орталығы» ЖШС-нің жеке тұлғаларға жеткізілетін 1 кВт. электр қуатының бағасы тұрғындар үшін 13,94-тен 14,73 теңгеге көтерілген. Ал «Көкшетау жылу» МКК тұтынушылары үшін жылумен жабдықтау қызметтері 5 жылға бекітілген кезеңі аяқталып, 4302,96 тенге Гкал-дан 1351 теңгеге яғни, 4418,55 теңге Гкал-ға өскен. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Жалғасбаев Нұрлан мәлімдеді,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Бүгінде департамент жылумен жабдықтау, электр энергетикасы, сумен жабдықтау, су бұру, газ тасымалдау сияқты табиғи монополияларға қатысты 74 мекеменің жұмысын қадағалайды.

2020 жылға бекітілген тарифтерді теңестіру мақсатында аталған орган монополиялар қызметіне талдау жүргізген. Нәтижесінде бірқатар олқылықтар мен кемшін тұстарды анықтаған. Осылайша департамент басшылығы тарифтердің өсу ауыртпалығын болдырмау мақсатында экономикалық тиімділігін межелеп, сараланған тарифтерді қайта қарастырған.

Бұл тексерістердің нәтижесінде 2018 жылға арналған инвестициялық бағдарламалардың және тарифтік сметалардың орындалуы туралы есептерге қосымша 463,5 миллион теңге сомасында негізсіз кірістерді анықтаған.

Керісінше «Көкшетау Жылу»МКК-на тұтынушылардың өтелмеген қарызы 678,3 миллион теңге сомасында.

Айта кетерлігі «Көкшетау энергетикалық орталығы» ЖШС 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, энергиямен жабдықтау қызметтерінің бағасын көтеру жобасын ұсынған.

Алайда, бұл ұсыныс сарапталып энергияны тұтынудың бағасы тек тұрғындар үшін 1 теңгеге, заңды тұлғалар үшін 6 теңгеге қымбаттаған. Сонымен 2020 жылға арналған энергия көздерінің қызметінің 1 кВсағ. 18,15 теңгені құрап отыр.

Әрине, қай салада болмасын белгілі бір мерзім өткесін көрсетілетін қызмет құнын қайта қарап, мүмкіндігінше реттеп отыру – нарық пен уақыт талабы. Сол себепті, мәселенің қалай шешімін табатынын, тарифтің қаншаға қымбаттауы ықтимал екенін күнілгері болжап айту мүмкін емес. Ендігісі, жұртшылықтың ұсыныс-пікірі мен құзырлы мемлекеттік органның қандай ұйғарымға келетінін күтіп, әліптің артын бағу ғана.

Ең бастысы, халықтың реніші мен наразылығын туғызып, бағаны шамадан тыс қымбаттатып алмау. Жұртшылықтың монополия өкілдерінен күтері де осы болса керек…

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img