spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Алаяқтық жағдайларының 80% – ға жуығы шешілмеген күйінде қалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Өткен жылы Ақмола облысында қылмыс саны 21% – ға төмендеген. 2022 жылы 6 700-ден астам қылмыстық іс тіркелді. Сонымен қатар, соңғы 5 жылда облыста алаяқтық жағдайлары 62% – ға артқан. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қылмыстың жай-күйі, әкімшілік құқық бұзушылықтар және жол-көлік оқиғалары туралы айтылды.

Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың негізгі үлесі немесе 49% – ы Көкшетау, Степногорск және Қосшы қалаларына, қалған 51% – ы өңір аудандарына тиесілі. Тіркелген құқық бұзушылықтар бойынша аудандар арасында бірінші орында Бурабай ауданы тұр. Бұл курорттық аймаққа байланысты, бірақ 2021 жылмен салыстырғанда бұл ауданда қылмыстың  26% – ға төмендеуі байқалады.

-Алайда кейбір ауыр санаттағы құқық бұзушылықтар бойынша айтарлықтай өсім байқалды, мысалы денсаулыққа ауыр зиян келтіру 92-ден 95-ке дейін 3,3% – ға және бопсалау 61,5% – ға дейін жеткен. Сондай-ақ, 70,5%  мүліктік қылмыстар, яғни 2099 қылмыс пен 1084 алаяқтық ұрлау қылмыстары тіркелген. Ақмола облысында алаяқтықтың алдын алу мәселесі өзекті болып қала бермек, оның едәуір бөлігін ақпараттық жүйені бұзушылар немесе интернет- алаяқтықтардың қылмысы алады. 2022 жылы профилактикалық іс – шаралар мен халықтың қырағылығының арқасында алаяқтықты 1134-тен 1084 қылмысқа дейін азайтуға мүмкіндік туды, – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті облыстық басқармасының бастығы Ақыл Қарпықбаев.

Сонымен қатар, соңғы 5 жылда алаяқтық 668-ден 1084 қылмысқа дейін 62% – ға өсті. Алаяқтық фактілері жалпы тіркеудің 20,3%-ын құрайды, оның ішінде тек 250 қылмыстық іс аяқталды. Қалғандары әлі де шешімін таппаған немесе тергеу сатысында.

-Соңғы бес жылда ретроспективті талдауда интернет-алаяқтықтарды тіркеу динамикасын қарастыра отырып, құқық бұзушылықтың бұл түрі соңғы жылдары қарқын алуда деген қорытындыға келеміз. Тек 2022 жылы тіркелген интернет-алаяқтықтардың жалпы санының 71,3% – ы қылмыстың телекоммуникациялық және компьютерлік технологияларға тез ауысуының айғағы. Интернеттегі алаяқтықтың көбі ашылмаған күйінде қалып, күн сайын олардың жаңа схемалары анықталып жатыр. Интернет-алаяқтық жасаудың ең көп таралған жолдары – «OLX» сынды сауда-алаңдары, банктерден келетін жалған қоңыраулар, қарыздарды рәсімдеу, «Instagram», «Колеса» сайтындағы қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру, желілік маркетингтегі ақша алмасу, әлеуметтік желілер арқылы тауарға тапсырыс беру және тағы да басқалары. Алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, адамдар өздерінің жеке деректері мен ақшалай қаражаттарын қаскүнемдердің қолына бере салуды қояр емес. Интернет алаяқтықты азайту мақсатында мәміле жасау кезінде қырағылық таныту  аса маңызды, – деп атап өтті Ақыл Қарпықбаев.

Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың өсуі ерекше алаңдаушылық туғызады, өйткені 67 қылмысты 16 мен 17 жас аралығындағы жастар, ал 14 пен 15 жас аралығындағы жасөспірімдер 14 қылмыс жасаған. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың басым бөлігін колледж студенттері қолынан жасалады. Тағы 6 қылмыстық жағдай жасаған жасөспірімдер мас күйінде болған. Десе де, соңғы 5 жылда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 38% – ға төмендеген.

Өткен жылы Ақмола облысының аумағында адамдардың қаза болуына немесе жаралануына әкеп соққан 653 ЖКО тіркелді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 12,1% – ға аз. Ең көп ЖКО Көкшетау қаласында, Целиноград, Бурабай және Аршалы аудандарында тіркелген. ЖКО салдарынан 1044 адам зардап шекті, оның ішінде 112 адам қаза тапты.

-Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жол-көлік оқиғасын өрескел бұзған жүргізушілердің кінәсінен болады. Салдарынан 602 апат орын алды. Жаяу жүргіншілер 49 жағдайда немесе ЖКО жалпы санының 7% -ында кінәлі болды, – деп қорытындылады Ақыл Қарпықбаев.

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img