spot_img
Жексенбі, Наурыз 15, 2026
0.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында сайлау учаскелерінде сайлаушыларды қалай қарсы алып жатыр: сыйлықтар мен алғашқы дауыс

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында сайлау учаскелерінде алғаш рет дауыс беруге келген азаматтарға, сондай-ақ отбасымен және жасы үлкен сайлаушыларға естелік сыйлықтар табыстау акциясы өтіп жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама азаматтық белсенділікті қолдауға және учаскелерде мерекелік көңіл күй қалыптастыруға бағытталған.

Аршалы ауданында қазақша күрестен Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы, чемпиондық белбеу иегері Айтқожа Жансая алғаш рет дауыс берді. Жас спортшы Михайловка ауылындағы Абай көшесі, 15 мекенжайында орналасқан №145 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Жансая үшін бұл күн ерекше болды — ол алғаш рет өзінің конституциялық дауыс беру құқығын пайдаланды.

«Бүгін мен үшін маңызды күн. Мен алғаш рет дауыс беріп отырмын және әрбір азамат белсенді азаматтық ұстаным танытуы керек деп есептеймін. Осындай маңызды оқиғаларға қатысу — еліміздің болашағына қосқан үлес», — деді Айтқожа Жансая.

Аудан тұрғындары спортта және қоғамдық өмірде жетістікке жетіп жүрген белсенді, мақсаткер жастар өскелең ұрпаққа үлгі екенін атап өтуде.

Бұл акция Степногорск қаласында да жалғасуда. №71 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып қалалық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, қаланың бас биі Қайролла Исаев дауыс берді. Ол учаскеде алғаш дауыс берген сайлаушы ретінде сайлау комиссиясынан естелік сыйлық алды.

Құрметті ақсақал әрбір азаматтың ел өміріндегі қоғамдық-саяси оқиғаларға қатысуының маңызын атап өтті.

«Дауыс беру — болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Әр азамат өз ұстанымын білдіріп, ел үшін маңызды шешімдерден шет қалмауы керек», — деді Қайролла Исаев.

Таңертең ерте Сандықтау ауданының Балкашино ауылының тұрғыны Виктория Решетняк та №601 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, күн бойы облыс бойынша сайлау учаскелерінде алғаш рет дауыс беріп жатқан жастарға, отбасымен келген сайлаушыларға және жасы үлкен азаматтарға естелік сыйлықтар табысталады. Бұл бастама қоғамның барлық буынының мемлекет өміріне белсенді қатысуының маңызын көрсетіп, бірлік пен азаматтық жауапкершілік атмосферасын қалыптастыруға бағытталған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Бірінші референдум» акциясы: 18 жастағы сайлаушымен сұхбат

15 наурыз күні Қазақстанда маңызды қоғамдық-саяси оқиға - республикалық референдум өтуде. Бұл күні ел бойынша азаматтық белсенділікті қолдауға және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика