spot_img
Сәрсенбі, Наурыз 4, 2026
-0.8 C
Kokshetau

Қосшы қаласында 40 пәтердің кілттері жаңа тұрғындарға табысталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қосшы қаласында жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыстау шарасы өтті. Әлеуметтік жағынан әлсіз топқа жататын 40 отбасы өздерінің жеке баспанасының иесі болды.

Жаңа тұрғындарды облыс әкімі Марат Ахметжанов жеке құттықтап, осындай әлеуметтік жобаларды іске асыру аймақ тұрғындарының өмір сапасын арттырудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

«Бүгінгі оқиға – тек қана пәтер кілтін табыстау емес, бұл отбасылар үшін жайлы жағдай жасауға және облыс тұрғындарына әлеуметтік кепілдіктерді күшейтуге бағытталған қадам. Біздің өңірде кезекте тұрған азаматтарға, әлеуметтік жағынан осал топтарға, көпбалалы отбасыларға және жетім балаларға жаңа пәтер кілтін беру дәстүрге айналды. Бүгін бұл жаңа пәтерге көшудің эстафетасы Қосшы қаласында жалғасуда», – деді Марат Ахметжанов.

Аймақ басшысы қала тұрғындары нтазалықты сақтауға және өскелең ұрпақты осыған үйретуге шақырды.

Жаңа тұрғындар толық дайын пәтерлердің кілтін алды. Көптеген адамдар жаңа, ыңғайлы және жайлы тұрғын үйдің құндылығын бағалап үлгерді. Солардың бірі – ерекше бала тәрбиелеп отырған Көркем Темірқызы.

«Пәтер үшін және біздің қаламызда болып жатқан барлық өзгерістер үшін алғыс айтамын. Қосшы әр жыл сайын жақсарып келеді, мұндаөмір сүру ыңғайлы әрі жайлы болып жатыр, бұл барлық тұрғындарды қуантады», – деді Көркем Темірқызы.

Айта кетейік, биылдан бастап Бурабай, Сандықтау, Зеренді, Бұланды аудандары мен Қосшы қаласында жалға берілетін және кейіннен меншікке алуға болатын пәтерлер беріліп келеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Азаматтардың 90%-ға жуығы Жаңа Конституция жобасын қолдайды

Қазақстандық қоғамдық даму институты алдағы референдум туралы халықтың хабардарлығы мен Жаңа Конституция жобасын қолдау деңгейін зерделеу жөнінде әлеуметтанулық сауалнама...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика