spot_img
Жұма, Ақпан 27, 2026
-23.8 C
Kokshetau

Конституциялық реформаның мазмұнын тереңірек түсінуге және оның ел дамуына әсерін пайымдауға мүмкіндік берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Конституциялық реформа — негізгі өзгерістер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Шараның  мақсаты – конституциялық реформаның мән-маңызын кеңінен түсіндіру, енгізілген негізгі өзгерістерге талдау жасау және олардың қоғам дамуына ықпалын талқылау болды.

Кездесудің арнайы қонағы  аймақтық коалиция мүшесі, «Ауыл» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрайымы Анар Сайлаубекқызы өз сөзінде конституциялық реформаның ел болашағы үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.

–Конституциялық өзгерістер  Жаңа Қазақстанды құру жолындағы нақты қадам. Бұл реформалар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, билік тармақтарының теңгерімін нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған. Ең бастысы  халықтың шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігі артып келеді, – деді ол.

Сонымен қатар, Анар Сайлаубекқызы азаматтық қоғамның рөліне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, кез келген реформа тек заңнамалық деңгейде ғана емес, қоғамдық санада да қолдау тапқанда нәтижелі болады. «Белсенді азаматтық ұстаным, ашық пікір білдіру және қоғамдық бақылау – реформалардың табысты жүзеге асуының кепілі», – деп атап өтті спикер.

Шараға Бурабай колледжі студенттері қатысып, тақырып аясында өз ойларын ортаға салды. Жастар конституциялық өзгерістердің білім беру, әлеуметтік саясат және жастар бастамаларына ықпалы жөнінде сауалдар қойды. Бұл өз кезегінде ашық әрі мазмұнды пікір алмасуға жол ашты.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар елдегі саяси жаңғыру үдерісінің маңыздылығын талқылап, реформалардың қоғам тұрақтылығы мен әділеттілікті нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Еркін форматтағы кездесу сұрақ-жауап алаңына ұласып, өзекті мәселелер төңірегінде жан-жақты ой қозғалды.

Шара қорытындысында ұйымдастырушылар мұндай кездесулердің жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруда және азаматтық белсенділігін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын жеткізді. Дөңгелек үстел қатысушыларға Конституциялық реформаның мазмұнын тереңірек түсінуге және оның ел дамуына әсерін пайымдауға мүмкіндік берді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Өңірлік коалиция мүшелері медицина мамандарымен кездесті

«Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» өңірлік коалициясының мүшелері Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасы ұжымымен кездесу өткізді. Жиын барысында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика