spot_img
Бейсенбі, Ақпан 26, 2026
-27.8 C
Kokshetau

Көкшетауда ардагерлер кеңесінің төрағасы жаңа Конституция жобасын қолдауға шақырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Әлиев Шиап Шарапұлы жаңа Конституция жобасына қатысты өз пікірін білдіріп, құжатты қолдауға шақырды.

Оның айтуынша, ел болашағы үшін маңызды кезеңде азаматтық белсенділік таныту – әрбір қазақстандықтың парызы.

«Біздің буын ел басына түскен талай сын-қатерді еңсерді. Біз тәуелсіздіктің қадірін, тұрақтылықтың маңызын, бейбіт өмірдің бағасын жақсы білеміз. Мемлекеттің іргесі берік болуы үшін оның құқықтық негізі мықты, басқару жүйесі әділ әрі жауапты болуы қажет. Сондықтан жаңа Конституция жобасын қолдау – елдің ертеңіне деген жауапкершіліктің көрінісі деп есептеймін», – деді Шиап Әлиев.

Кеңес төрағасының сөзінше, ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға және халықтың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.

«Бұл – қоғам мен билік арасындағы сенімді арттырып, әр деңгейдегі жауапкершілікті күшейтетін маңызды қадам. Әсіресе, Конституцияда адамның құқығы мен қадір-қасиетін қорғау, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық берілуі көңіл қуантады», – деді ол.

Сонымен қатар, ардагерлер үшін мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін сақтау мен аға буынға құрмет көрсету мәселесі ерекше маңызға ие екені айтылды.

«Соғыс және еңбек ардагерлері үшін мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерді орындауы аса маңызды. Бұл қағидаттардың жаңа жобада айқын көрініс табуы – біз үшін үлкен қолдау», – деді кеңес төрағасы.

Әлиев Шиап Шарапұлы тарихи маңызы бар кезеңде ел бірлігі мен ортақ жауапкершіліктің рөлі ерекше екенін атап өтті.

«Еліміздің болашағы – бірлігімізге, парасатты таңдауымызға байланысты. Ардагерлер атынан баршаңызды ел болашағы үшін маңызды шешімге бейжай қарамай, азаматтық ұстаным танытуға шақырамын», – деп түйіндеді ол.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Өңірлік коалиция мүшелері медицина мамандарымен кездесті

«Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» өңірлік коалициясының мүшелері Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасы ұжымымен кездесу өткізді. Жиын барысында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика