spot_img
Сәрсенбі, Ақпан 18, 2026
-3.8 C
Kokshetau

Журавлевка-1 ЖШС аграршылары референдумды қолдайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бұланды ауданындағы «Журавлевка-1» ЖШС-нің еңбек ұжымы отандастарына үндеу жасап, республикалық референдумды қолдайтынын мәлімдеді. Кәсіпорын қызметкерлері бұл бастаманы елді жүйелі жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағалап отыр.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып келе жатқан агроқұрылым өкілдерінің пікірінше, қазіргі кезең азаматтық қоғамды нығайтып, мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіруді талап етеді. Олар жаңа конституциялық нормалардың қабылдануы басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттырып, ауыл еңбеккерлерінің мүддесін қорғауға және өңірлерді қолдауды мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналдыруға ықпал етеді деп санайды.

Кәсіпорын басшысы Қуантай Сұлтанов алдағы өзгерістерге қатысты өз көзқарасын білдірді:

«Біз адамды – еңбегімен, ал мемлекетті – еңбек адамына жасалған мүмкіндігімен бағалаймыз. Бүгін әр азамат ел болашағына бейжай қарамай, маңызды шешім қабылдайтын кезеңге жеттік. Ұжымымыз референдумды әділетті, адалдық пен кәсібилікке негізделген Қазақстанды құрудың мүмкіндігі деп қабылдайды. Біз дауыс беруге балаларымыздың жарқын болашағы мен туған жеріміздің өркендеуі үшін барамыз», – деді ол.

Еңбек ұжымы ұлттың беріктігі мен бірлігі шешуші сәттерде айқын көрінетінін атап өтті. Кәсіпорын ұжымы мемлекет бастамаларын қолдай отырып, жоғары азаматтық жауапкершіліктің үлгісін танытып отыр.

Ұжымдық үндеуде референдумға қатысу – тек азаматтық міндет қана емес, елдің ертеңіне сеніммен қарауға мүмкіндік беретін маңызды қадам екені ерекше атап көрсетілген.

 

Фото – Ақмола облысының әкімдігінің

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жаңа Конституция – әділетті қоғам кепілі

Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр ауылында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айна Мысырәлімова тұрғындармен жаңа Конституция жобасының мазмұны мен маңыздылығына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика