spot_img
Жексенбі, Қазан 12, 2025
-1.7 C
Kokshetau

Ақмола облысының тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясы аясында 100 мың шаршы метрден астам аумақты тазартты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында Қазақстан Президенті бастамашылық еткен биылғы ең ауқымды экологиялық шаралардың бірі – «Таза Қазақстан» акциясы өтті. Бұл күні аумақтарды тазалауға 30 мыңнан астам адам шықты. Өңір тұрғындары 100 мың шаршы метрден астам жерді тазартып, 25 мың ағаш пен бұта отырғызды, деп хабарлайды өңірлік ішкі саясат басқармасы.
Көкшетаудан бастап облыстың ең шалғайдағы ауылдарына дейін біртұтас экологиялық қозғалысқа атсалысты. Акцияға отбасылар, еңбек ұжымдары, мектеп оқушылары мен еріктілер қатысты. Адамдар үшін бұл ресми міндет емес, туған жердің тазалығына қосқан жеке үлесі екені – қолдарына қап алып, келген көшіліктен тамаша көңіл-күйінен бірден байқалды.
Елорда маңындағы аудандарға әркездегідей ерекше назар аударылды. Талапкер ауылында жүздеген акция қатысушысы жағалау мен үй-жайлардың маңын тазартып, мыңға жуық жас ағаш – қарағай, тал және алма ағаштарын отырғызды. Ағаш отырғызуға облыс әкімі Марат Ахметжанов та қатысты.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев экологиялық мәдениет әрбір азаматтың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналуы керектігін бірнеше рет атап өтті. Ақмола облысында бұл жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде. Соңғы жылдары ғана біз екі мың гектардан астам аумаққа 16 миллионға жуық ағаш отырғыздық. Бүгін өңірдің таза және жасыл болашағының символы болатын тағы 25 мың көшет қосамыз», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.
Акцияның ауқымы шынымен таң қалдырарлық: экологиялық іс-шаралар облыстың 240 елді мекенінде бір уақытта өтті. Аршалы ауданында бір жарым мың адам тазалау жұмыстарына қатысып, 15 мың шаршы метр аумақты тазартып, 400-ден астам ағаш отырғызды. Біржан сал ауданында 820 жаңа қылқан жапырақты көшеттер – қарағай мен шыршалар пайда болды. Астрахан ауданында акция барлық 11 ауылдық округте өтті. Ал Зеренді ауданында оқушылар мен «Көкшетау» ұлттық паркінің қызметкерлері мектептер мен спорт нысандарының жанына ағаш отырғызып, қоғамдық кеңістіктердің әсемдігіне ерекше назар аударды.
Көкшетауда акция нағыз экологиялық мерекеге айналды. Жаңа «Жаңа Жағалау» жағалауында жүздеген алма ағаштары мен жұпаргүл бұталары отырғызылды. Ескі бөлігі – «Ескі Жағалау» – қарағай, үйеңкі және қарағаш ағаштарымен безендірілді, ал «Мәңгілік Алау» мемориалының жанында қылқан жапырақты ағаштар пайда болды. Бір күнде қалада төрт мыңнан астам өсімдік отырғызылды, оның 3,6 мыңы – аулаларда, саябақтарда және қоғамдық орындардағы ағаштар.
Көкшетау тұрғындары акцияны ерекше ынтамен қабылдады.
«Бүгін біздің кітапхананың 25-ке жуық қызметкері жағалауды көгалдандыруға қатысты. Бұл жай ғана жұмыс емес – бұл қуаныш. Біз Көкшетаудың қалай өзгеріп, тазарып, көркейіп жатқанын көріп отырмыз. Осындай бастамалар жиі өткізілсе екен дейміз – өйткені бірлесе жасалған қамқорлық адамдарды біріктіреді», – деді Орталық қалалық үлгілі балалар мен жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Бақытгүл Қалиева.
Ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, акцияның ең негізгі қатысушылары және қозғаушы күші жастар қауымы болды. Сенбіліктерге студенттер, оқушылар мен еріктілер қатысты. Жыл басынан бері облыста төрт мыңнан астам экологиялық іс-шара өткізіліп, оған 70 мыңнан астам жас адам қатысқан.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында газбен жабдықтау желісі кеңеюде: тағы екі ауыл «көгілдір отынға» қол жеткізді

Ақмола облысында елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Бүгін Целиноград ауданында бірден екі ауылға – Ыбырай Алтынсарин...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика