spot_img
Жұма, Қазан 3, 2025
8.2 C
Kokshetau

Заңды біліп жүрген абзал

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен «Заң және тәртіп» тақырыбында кездесу өтті.
Аталған шараға, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің директоры – Жакупова Диана Сайрамбекқызы, Ақмола облысы ПД КҚІБ жедел уәкілі, полиция майоры – Бекзат Ағыикқызы Назарова, Көкшетау қаласы ПБ, ЖПҚБ ЮПБ ПУИ, полиция лейтенанты Нысанбай Ескендір Бекболатұлы, Ақмола облысы полиция Департаменті, есірткіге қарсы басқармасының жедел аға өкілі, полиция подполковнигі Курсанова Разия Талғатқызы, аталмыш оқу орнының студенттері және ұйымдастырушылар тарапы қатысты.
Шара барысында әр спикер өз баяндамасын оқып, киберқауіпсіздік тақырыбына арналған бейнебаян көрсетіліп, кейін студенттермен сұрақ-жауап форматына ауысты.
«Құрметті қатысушылар! 16 қырқүйек бастап қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңнамаға енгізілген өзгерістер заңды күшіне енді.
Заң 10 Заңға және 5 Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.
Осылайша, Қылмыстық кодекске 232-1 бапа енгізілді, онда банктік шотқа, төлем құралына қолжетімділікті заңсыз ұсыну, беру және ием ендеу, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымдарын заңсыз жүзеге асыру үшін жауапкершілік көзделген.
Осы баптың санкциясын айыппұл, түзеу жқмыстары, қоғамдық жұмыстар түріндегі жазалауды, сондай-ақ бостандықтан айыруды көздейді.
Құрметті азаматтар,  сақ болыңыздыр және өздеріңіздің банктік шоттарыңыздың деректерін, сондай-ақ төлем құралдарын ешкімге бермеңіздер» – деп ескертіп, Ақмола облысы ПД КҚІБ жедел уәкілі, полиция майоры – Бекзат Назарова өз сөзінде тоқталып кетті.
Кездесу соңында жастар сұрақтарын қойып, сапалы жауаптар алды.
 Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «Таза бейсенбі» акциясы өтті

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жалғасуда. Игі шара аясында «АMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы әр апта сайын «таза бейсенбіліктер»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика