spot_img
Сәрсенбі, Қараша 19, 2025
1.5 C
Kokshetau

Көкшетауда «Таза бейсенбі» акциясы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жалғасуда. Игі шара аясында «АMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы әр апта сайын «таза бейсенбіліктер» өткізіп жүр.
Осы жолы Көкшетаудағы «Бәйтерек» саябағы қоқыстан тазартылды. Қайтадан жаңғырып, жаңарған саябақ бүгінде шаһар тұрғындарының демалатын сүйікті орындарының бірі. Аумағы да үлкен. Тазалық акциясына 100-ге тарта партия белсенділері, мемлекеттік орган өкілдері, жастар мен студенттер қатысты. Жалпы партияның бастамасымен биылдың өзінде 50 шақты тазалық акциясы ұйымдастырылған.
Жалпы, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған сәттен Ақмола облысы бойынша 550-ден астам елді мекен қамтылып, 80 мың тонна қоқыс шығарылды.
Тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді, 1 милионнан астам ағаш көшеттері отырғызылды, су айдындары, өзендер мен көлдердің айналасын қоқыстан тазарту, 1000-нан астам балалар алаңы абаттандырылды, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың қасбеттері жөнделді. Облыс бойынша барлығы 500 мыңға жуық адамның қатысуымен 5500-ден астам бір реттік экологиялық іс-шаралар өткізілді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Облыс прокуратурасы «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Бұзушылықтарға – Жоқ! Заңға – Иә!» акциясын ұйымдастырды

Негізгі назар қоғамдық тәртіптің сақталуына және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды. Іс-шараға құқық қорғау органдарының, соның ішінде арнайы бөлімшелердің 300-ден...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика