spot_img
Сәрсенбі, Тамыз 13, 2025
20.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында интернет-алаяқтық 50%-ға өсті

Сондай-ақ...оқыңыз

2025 жылдың қаңтар–шілде айларында Ақмола облысында қылмыстық ахуалдың бірқатар бағытында өзгерістер байқалды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің облыстық департаменті басшысының міндетін атқарушы Ақыл Қарпықбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.
Оның айтуынша, 7 айда құқық қорғау органдарына 70 038 өтініш пен хабарлама түскен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,3%-ға көп. Бірыңғай тергеу тізіліміне 4 мыңға жуық қылмыстық құқықбұзушылық тіркеліп, бұл көрсеткіш шамамен 5 пайызға төмендеді.
«Дегенмен, бірқатар өңірлерде қылмыс деңгейінің өсуі байқалады: Көкшетау қаласында – 7,6%, Аршалы ауданында – 23,5%, Атбасар ауданында – 22,4%, Жақсы ауданында – 40,7%», деді ол.
Интернет-алаяқтық деректері бір жылда 51,7%-ға өсіп, 1 026 жағдайға жеткен. Ең көп тараған тәсілдер: онлайн-қарыз рәсімдеу, банк атынан жалған SMS және қоңыраулар, криптовалютаға байланысты алаяқтықтар. 2025 жылдың қыркүйегінен бастап банк карталары мен төлем құралдарын үшінші тұлғаларға заңсыз беру («дропперлік») үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі.
Сондай-ақ есірткі қылмыстары 32,9%-ға, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері 63%-ға артқан. Ал адам өлтіру қылмыстары 20%-ға, ұрлықтар 28,8%-ға азайған.
Ақыл Қарпықбаев QAMQOR.GOV.KZ ресми порталында нақты уақыт режимінде өтініш беруге, айыппұлдарды тексеруге және Қылмыс картасымен танысуға болатынын еске салды. Ол облыс тұрғындарын жеке деректерін және банк карталарының реквизиттерін бөгде адамдарға бермеуге шақырды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жастар күнінде облыс орталығында ауқымды шаралар өткізілді

Көкшетау қаласының «Қопа» көлінің жаңа жағалауында Халықаралық жастар күнін мерекелеу аясында open air форматында мерекелік жастар іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика