spot_img
Бейсенбі, Қаңтар 29, 2026
-11.8 C
Kokshetau

Жылжымайтын мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу

Сондай-ақ...оқыңыз

Кепіл – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес,  борышкер міндеттемені орындамаған жағдайда, кредитор (кепіл ұстаушы) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемеден қанағаттандыру алуға құқылы болатын міндеттемені қамтамасыз ету тәсілі болып табылады. Бұл  құқық басқа кредиторлардан басымдылықпен кепілге салынған мүліктің құнынан алынады, ал бұл мүлік (кепіл берушіге) тиесілі.
Кепіл – шарт негізінде туындайды. Сонымен қатар, кепіл заңнамалық актілерде көрсетілген жағдайлар туындағанда да пайда болуы мүмкін, егер заңда қандай мүлік және қандай міндеттеме үшін кепіл деп танылатыны көзделсе.
Кепілге салынған жылжымайтын мүлікке құқықтардың (шектеулердің) пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы тіркеуге жатады, және бұл тіркеу Қазақстан Республикасының осы қатынастарды реттейтін заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады (2007 жылғы 26 шілдеде қабылданған «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 48-бабы).

Міндеттемелік талаптың мазмұны мен сипаты өзгерсе (мысалы, негізгі міндеттемедегі тараптың ауысуы), ол тіркелген кепілге қосымша ретінде тіркелуге жатады.

Осы талапты орындамаудың салдары тіркелген кепіл талаптарына ұқсас (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 308-бабы).

Басқа өзгерістер тараптардың келісімі бойынша тіркелуі мүмкін.

Кепіл шартына енгізілетін өзгерістер кепіл берушінің және/немесе кепіл ұстаушының қалауы бойынша тіркелуі мүмкін.

Фарида  Хасанова,

Коммерциялық емес ұйымдарды

тіркеу және тіркеу қызметі

саласындағы бақылау бөлімінің жетекші маманы.                                                           

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы өңірімізде жалғасын табуда

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ ұйымдастыруымен, «Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы аясында «дөңгелек үстел» өткізілді. Іс-шараға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика