Осыдан екі ай бұрын есігін айқара ашқан облыс орталығындағы жалғыз жайлы мектеп, N 20 мектеп гимназиясында Наурыз мерекесі өтті. Іс – шараға мектеп ұжымы, ата – аналар мен бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты. Білім ордасының директоры Айгерім Қошанованың айтуынша, түркі тілдес халықтарының басты мерекесін атап өту мектеп ұжымы мен оқушылар үшін өте маңызды.
-Бүгінгі ұйымдастырып отырған ауқымды шара оқушыларға Наурыз мейрамының мәні мен маңызын түсіндіру, қазақ халқының дәстүрлерін таныстыру, ауыл дәстүрлерін ұрпаққа жеткізу және мерекелік көңіл-күй қалыптастыру мақсатында жасалып отыр. Баршаңызды келе жатқан ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймын! Бұл мереке біздің халық үшін өте маңызды. Елінің болашағы үшін аянбай еңбек ететін біздің ақылды да білімді оқушыларымызға сәттілік тілеймін, – деп құттықтады Айгерім Қошанқызы.
Мереке өте көңілді, белсенді өтті. Сыныптар өзара 8 ұлысқа бөлінді : «Наурыз көже» ,«Тақпақшылар» немесе «Абай», «Наурыздың тілек шаңырағы», «Қазақтың ұлттық ойындары», «Ұлттық өнер» ,«Қазақтың салт-дәстүрлері», «Салтым-салтанатым» және «Ата дәстүр» ауылы. Айнала мерекеге сай безендіріліп, ғимартатта әр ауылдың кең де майлы дастарқаны жайылды, сынып оқушылары үстел басына жайғасып ұлттық тағамдардың дәмін татты. Әр сынып Наурыз мерекесіне аса жауапкершілікпен дайндалып келгені көрініп ақ тұрды. Қуанышты іс – шараны г Жиын барысында әр сынып қазақтың салт дәстүрі мен әдет – ғұрпын дәріптейтін сахна көріністерін көпшілікке паш етті. имназияның білікті ұстаздары Бақыт Сейтенова мен Гульмира Мұратбекқызы жүргізді.
– Құтты болсын Наурыз жылдың басы,
Самарқанның еріді бүгін тасы.
Жиылған жұрт көрісіп,тілек айтып,
Бата сұрар үлкеннен ауыл жасы.
Наурыз, наурыз халәләку-ләйлім
Наурыз, наурыз лиләләку –ләйлім
Ұлыс күні оң болсын, дастарханың мол болсын.
Құтты болсын, әз наурыз.
Армысыздар, қадірлі оқушылар, ұстаздар, ата-аналар!
Наурыз- бақыттың бастамасы,
ұлылықтың ұйытқысы,
жақсының жаршысы,
ынтымақтың белгісі,
өмірге нұр сыйлаған,
сезімге гүл сыйлаған, – деп қонақтарлы қарсы алды жүргізушілер.
Мереке барысында әр сынып ұлттық өнер, ән, би мен сопрт түрлерінен өнер көрсетіп, қошеметке бөленді. Оның ішінде қырқынан шығары, сырға салу, тұсау кесу, азан шақырып ат қою, қыз қуу, ұлттық спорт тірлерінен жарыстар, басқа да халқымыздың төл ойындары кқрсетілді. Ақсақалдар өскелең ұрпаққа ақ батасын берді.
Жиналған ата – аналар білім ордасының ұжымына көп алғыс білдірді.
-Жаңа мектепте балаларымыз заманауи білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Бүгін өзіміздің төл жаңа жылымыз тойланып жатыр. Бәрі өте ісерлі, әдемі болып жатыр. Әр сынып өзгеше дайындықпен келіп, сан алуан өнер көрсетуде. Ақ дастархан жайылып, қонақтарды қарсы алуда. Балалларымыз бұл мерекеден оң әсер алып жатыр, – деп айтты 2 Ә сыныбының ата – анасы.