spot_img
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
22.2 C
Kokshetau

Ақмолалық ардагер Зәлет Еслямов 90 жаста

Сондай-ақ...оқыңыз

Еслямов Зәлет 1935 жылы Талап ауылында, бұрынғы Красноармейск ауданы, Көкшетау облысында дүниеге келген. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен Талап аулының ер азаматтары майданға аттанған еді. Ауылда қарттар мен әйелдер және балалар ғана қалған болатын, колхозда еңбек адамдары жетіспейтін. Ол 1944-1945 жылдан бастап, Бірлік ауылында еңбек етті. Барлық колхоз жұмыстары әйелдер мен жасөспірімдердің мойнында болды. Сұрапыл соғыстын салдарынан олар оқуын тастап, өзінің жас екеніне қарамастан Ұлы Жеңіске үлесін қосуға тырысып, жұмыс істеген.

Әрине, адам баласының басына тағдыр салған мұндай зұлматты жылдарда жалғыз Зәлекең ақсақал ғана емес, сол кездегі осы кісімен тетелес ауыл ішіндегі буындары еркін бекіп қатпаған жасөспірімдердің бәрі де өмір талабына сай еңбек еткендері рас. Дегенмен, заманына қарай жұмыс саласы да оны атқарып меңгеру деңгейі де әркімнің басында әрқилы жағдайда болды және әркім оны мүмкіндігіне қарай орындап отырды. Сол сияқты бүгінгі Талап ауылының құрметті қариясы Зәлет де шамасы келгенше адал жұмыс атқарып өзінің алғашқы еңбек жолын бала кезінен ақ қырман және мал фермасынан бастаған болатын.

Мамыр айынан бастап егістікке көппен бірге өгіз жегіп, жер жыртып, тұқымды қолмен сеуіп, аянбай жұмыс атқарды. Маусым, шілде айларында көп шабуға кірісетін. Шөпті қолмен шауып, жинап, қысқы малға беруге әкеліп даярлайтын, маялап үйетін.

Ендігі сөзді Зәлет қарияның өз аузынан естіп көрейік.

          -Сөз арасында сол кездегі өмірдің қиыншылығын аздап болса да түсіндіре кетейін. Ол тұста соғыс майдан даласында жүріп жатса да, соның зардабымен қиыншылығы одан алыс жатқан қазақ ауылдарын да шарпыған еді. Солардың бір бөлшегі – киер киіммен жағар отын өз алдына, ұзақты күн уақытпен санаспай еңбек еткен біздер сықылды бала-шаға мен егде тартқан адамдарға, бәрінен де тамақтың тапшылығы жанға бататын. Оның үстіне жұт жеті ағайынды дегендей, монша деген жоқ, ауыстырып киер киімдер тағы сондай тапшы. Түнде жуғызасың да жыртығын жаматып, қыртысын қолмен уқалап, қайта киесін. Дегенмен, тағдыр өз ырқына көндіреді де, салар азабын салады екен. Ия, ол тұстағы ауыр жұмыс маусым өткен сайын бірінен соң бірі жалғасып адамға да, жегер көлікке де бір күн тыным бермейтін.” Ол кезде бүгігідей жұмасына екі күн демалыс немесе мерекелік күндерде демалу деген мүлдем болмайтын. Бірде аш, бірде тоқ жүріп осылардың бәріне көніп бақтық», -деп терең бір күрсініп алды, өткен ауыр күндерін есіне түсірген Зәлет Еслямұлы.

Ол кісінің өз айтуы бойынша 1944-1945  жылдары қаңтар айында тұқым тазарту, шөп тасу, қоғамдық қолхоз малына көмек беру жұмыстарында жүрген.

Наурыз, сәуір айларында көктемгі егін себуге дайарланатын. Әйтеуір ол кездегілердің соғыс біткенше шыбын жандары дамыл таппағаны шындық. Осылай жүріп зағыра күткен жеңіс уақыты да жетеді. Ендігі мақсат-білім алу. 1945-1955 жылдары Зәлет қария әуелі Краснокаменка мектебінде, кейіннен Қызылсая орта мектебінде оқиды 1956-1959 жылдары әскер қатарына шақырылып, Белоруссия танк полкінде бөлімше командирі дәрежесіне дейін көтеріліп, әскери борышын өтеп қайтады. Әскерден келген соң, өзінің еңбек жолын туған ауылында есепші болып жалғастырады. 1974-1978 жылдар аралығында Ауылдық кеңеске болып депутат болып сайланады. 1977-1990 жылдары Талап бастауыш партия ұйымын басқарады. Қазіргі таңда Зәлет атай ауыл қарттары кеңесінің төрағасы, өмірлік жолдасы екеуі 3 ұл, 5 қыз тәрбиелеп отырған үлкен шаңырақтың иесі, әрі ақылшысы.

Әрине, жоғарыдағы айтқанымыздай өнерлінің бәрі ойлы, қоғамға еңбек еткеннің бәрі бірдей  өз міндетін адал атқарса, ол бір ғанибет емес пе! Бұл жерде, өмір жолында мәнді де маңызды жұмыс немесе қызмет атқарған қарапайым жұмысшылардан еңбекқорлығының арқарсында лауазымды да жауапты қызметтерге дейін көтеріліп, пәрменді түрде адал еңбектене білген, өнегесі кейінгіге үлгі болған Зәлет қария сияқты жұрт құрметіне бөленген қариялардың дәрежесі бір бөлек. Мынадай адамдардың өз Отанымыен, өз ортасына деген сүйіспеншілігі түсінігі де, ар-намысы да басқалардан жоғары тұрады. Олар – елі мен жеріне, қоғамына, осымен де қадірлі, содан да бедел дәрежесі басқалардан артық. Олардың жүріп өткен жерлері мен өмір сүрген ауыл жылдардағы төзімділік пен адамшылық қасиеттері кейінгіге мирас, әрі айшықты сара жол деп білеміз. Отбасыңыз аман, деніңіз сау болып, қыздарыңыз, ұлдарыңыздың ұлылығын, немереліңіздің қуанышын көріңіз Зәлет қария.

Міне, ел басына қиыншылық түскен ауыр жылдарда қаршадайынан ересектермен бірге адал еңбек еткен бүгінгі ауыл ақсақалы Еслямов Зәлет қарияның өмір тағдыры мен қысқаша еңбек жолы осындай.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика