Автор: Қоғам қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиев.
Бұл – ірі инфрақұрылым жобалары, цифрландыру және жасанды интеллект, ядролық энергетиканы дамыту, агроөнеркәсіп кешенін нығайту және инвестиция тарту мәселелері. Экономикамыз дамып жатыр. Бірақ оның қарқыны ойдағыдай емес. Алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Оны алдағы бес жылда орындауымыз керек.
(Үкіметтің кеңейтілгін отырысында
сөйлеген сөзінен. 28 қаңтар 2025 жыл.)
* * *
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов:
«Үздік бестікке кірдік! Алайда, болдық-толдық деп қарап отыратын заман емес!»
————————————–
КӨКШЕТАУ. Кеше ( 31 қаңтар 2025 жыл) Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың күні кеше, 28 қаңтар күні өткізген Үкіметтің кеңейтілгін отырысында алға қойған міндеттері жайлы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өткізген әкімдік мәжілісіне арқау болды, алдағы міндеттер белгіленді және 2024 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы шығарылып, 2025 жылдың міндеттері пысықталды. Алдағы көктемде қар суының тасуын болдырмау және оның алдын алу, сақтықты күшейту мәселелері қаралды.
-Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы әртараптандыру, Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру қажетілігі жайлы айтып, жаңа міндеттер мен талаптар қойғандығын бәріңіз де, жақсы білесіздер,-деді Марат Ахметжанов.-Бұл мәселенің бізге үлкен қатысы бар және үлкен міндеттерді шешуге тиістіміз. 2024 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша мұның алдындағы жылғы 16-шы орыннан республика бойынша 5-ші орынға көтерілдік. Өткен жыл оңай болған жоқ. Су тасқыны қатты болды. Соған қарамастан Мемлекет басшысының тарапынан көрсетілген қолдаудың нәтижесінде судан зардап шеккендердің барлығы да көмек алды. Үйсі-күйсіз қалған ешкм жоқ, бар шығындар толық өтелді. Біздің өткен жылғы қол жеткізген табыстарымыз тоқмейілісуімізге негіз бермейді. Біз енді болды-толдық деп, бүгінгі табыстарымызға алданып, соны құр мақтаныш етіп, босқа қарап отыратын заман емес қазір!
Әкім осындай тұжырымға келе отырып, Мемлекет басшысының Үкімет отырысында айтқан инфрақұрылымды дамыту ісін жаңа деңгейге көтеру, цифрлық технологияны жан-жақты енгізу, салық-бюджет саясатын реформалау, маңызды жобаларды қаржы көздерімен қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау ісін реттеп, денсаулық сақтау, білім беру саласын одан әрі дамытудың алдағы міндеттеріне тоқталды. Нақтылы тапсырмалар берілді.
–Өндіріс көлемін төмендетіп алған Степногорск қаласы, Зеренді мен Шортанды аудандарындағы кен өндіретін кәсіпорындардың жұмыс қарқынын артттыруға тиістіміз. Осылардағы өнеркәсіп орындарының басшыларымен қарым-қатынасты нығайтып, барлық қажетті шараларды жүзеге асыруымыз керек. Жаң технология керек. Әйтеуір өнеркәсіп өсімін қамтамасыз етуді тапсырамын ,–деді Марат Ахметжанов.
Айтып-айтпай не керек, 2024 жыл қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер өсімінің оң қарқыны негізгі бес сала бойынша сақталып қалғаны бар. Өсім- ауыл шаруашылығы – 145,3, құрылыс – 122,8, сауда – 115,6, көлік – 115,7, тұрғын үйді пайдалануға беру-100,3 пайыз болды.
Мемлекет бюджетіне түскен салық-522 миллиард теңге.
Ерекше атап көрсететерлік бір жай, Ақмола облысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша республикада екінші орында!
Әрине, бұл үлкен де қажырлы еңбектің жемісі! Өткен жылы ауыл шаруашылығы да жалпы ішкі өнім 45,3 пайызға жетті, 920,1 миллиард теңгенің өнімі өндірілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың 15 қарашасында Астанада болып өткен ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында: «Ақмола облысын үлгі ретінде айтуға болады. Бұл аймақ елорданың «азық-ттүлік белдеуі» деген атқа лайық екенін дәлелдеді. Биыл облыстың ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімі еке есеге өскен. Бұл-өте жақсы нәтиже!»,-деп атап көрсетуі ақмолалық аграршыларының еңбегінің лайықты бағасы болса керек!
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов әкімдік қызметіне кіріскен бетте, осы бұрын «сақалды құрылыс» деп келген, яғни өзінің белгіленген мерзімінде бітпей қалған құрылыс нысандарын айырықша бақылауға алып, соған жауапты мердігер ұйымдарға шүйлігіп-ақ келеді.
-Құрылысты мерзімінде бітірмей, оның сметасын қайра қарап, бюджеттен қосымша қайра қаражат бөлуді мүлдем тоқтату керек! Бұл әрекеттің түп-төркінінде не жатқанын, жемқорлық жатқандығын екінің бірі біледі. Және де осы бұрыннан бітпейй тұрған нысандарға қосымша қаржы бөлу, біздің ілгері дамуымызды тежеп отыр,-деп Марат Мұратұлы іске деген шынайы жанашырлық танытып келеді.
Өткен жылы Көкшетау қалалық көпсалалы ауруханасына күрделі жөндеуге қомақты қаражат бөлінсе де жұмыс толығымен аяқталмады. Бөлінген қаржының 134,8 миллион теңгесі бюджетке қайтарылды.
Былтыр білім беру нысандарын күрделі жөндеудің 67 жобасына 7,3 миллиард теңге қаражат бөлінген-ді. 67 жобаның жетеуі орындалмай қалды. Ерейментау, Целиноград, Бұланды аудандарындағы орындалмаған жеті жобаның 1 348,2 миллион теңгесі игерілмеген қаржы ретінде бюджетке кері қайтарылды.
Әкім осы арада аудан басшыларына қатаң талаптар қойды.
* * *
«Биылғы көктемде су тасқыны болса және одан зардап шексек, былтырғыдай көмек беріледі деп ойламаңыздар!»
—————-
Алқалы жиында облыстың алдағы көктемде қар еріген кезде су тасқыны мен оның зардаптарының аллдын алу мәселесі талқыланғанда Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов бірден осыны ескертті.
-Былтыр Президентіміздің айтуымен, қолдауымен облысымызға үлкен қолдау жасалды. Соның нәтижесінде су тасқынының бар зардаптарын дер кезінде жоя білдік. Ешкім де көмексіз қалған жоқ,-деп облысы әкімі Марат Мұратұлы былтырғы су тасқыны әркімге үлкен сабақ болғанын айтты.
Биыл да жайбарақат қарапр отыруға болмайды. Мамандардың алдын-ала жүргізіп отырған бақылаулары бойынша биылғы көктемде күн күрт жылынып кетер болса, Целиноград, Атбасар, Бұланды, Зеренді, Сандықтау, Астрахан және Аршалы аудандарында қарғын судың қаупі күшейе түспекші.
Өңір басшысының пәрменімен былтыр «земснаряд» сатып алынып, Жабай және Қылшақты өзендерінің арналары тазартылып, түбі тереңдетілді. Сондай-ақ 179 елд-імекенде 64,5 шақырым су бұру каналдары қазылып, 38 шақырым өзен арналары тазартылып, 35 шақырым су бұру арналары кеңейтіліп, тереңдетіліп, былайша айтқанда қыруар іс тындырылды.
-Әзірге мұз бекіп тұрғанда егіс техникаларын тиісті алқаптарға ертерек шығарып алыңыздар! Былтыр естеріңіздер ме, қалың судан егістікке техниканы өткізе алмай, Қорғаныс Министріне тікелей шығып, қалқымалы әскери көпір алғызып, егіс техникасын солай өткізіп, әйтеуір егіс жұмыстарын уағында бастап кетіп едік,-дей келіп облыс әкімі Марат Ахметжанов таяу арада өзі бас болып, қарғын судың алдын алу шараларын жер-жерге барып, дайындықты тиянақтайтын болды.
* * *
-Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілгін отырысында айтқандары мен алдымызға қойған барлық міндеттерін орындап шығуға бізде қолайлы жағдай бар,-дей келіп Марат Мұратұлы кез-келген басшының өзіне де, өзгелерге де қояр талапты күшейтіп, іске жанашыр болуды талап етті.-Енді кез-келген деңгейдегі әкімдердің жұмыстарына берілетін баға халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруына орай болады. Біздің істеп жатқан істеріміздің нәтижесі халықтың тұрмыс жағдайының жақсарғанынан байқалып тұруы керек!
R.S. Бұл жолы да Марат Ахметжанов білікті басшы және шынайы мемлекетшіл тұлғаға тән ұстанымен терең сөйлеп, өзгелерді алдағы міндеттерді ойдағыдай орындауға құлшындыра түсті.