spot_img
Жұма, Шілде 4, 2025
26.2 C
Kokshetau

Аят Сералиев: «Бұл менің ғана ерлігім емес, ұжымның еңбегі»

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы ТЖД Астрахан аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің құтқарушысы Аят Сералиев көктемгі су тасқыны кезінде көрсеткен ерлігі үшін Jibek Joly телеарнасының «Жақсы адам-2024» сыйлығын жеңіп алып, 1 миллион теңгенің ақшалай сертификатымен марапатталды. Марапатты ҚР ТЖ вице-министрі Кеген Тұрсынбаев табыстап, құтқарушының қайсарлығы мен жанқиярлығын жоғары бағалады. Өз өміріне қауіп төндіріп, Аят 32 адамды құтқарып, ондаған жануарларды эвакуациялауда ерекше ерлік көрсетті. Оның батылдығы мен адамгершілігі көпке үлгі болып отыр.

«Бұл менің ғана ерлігім емес, барлық ұжымның еңбегі. Көктемгі су тасқыны кезінде жұмыс істеген барлық жігіттердің еңбегі. Менің еңбегімді бағалап, елеп отырғанына алғыс білдіремін», – деді марапатталушы.

Аяттың жасаған ерлігі тек оның батылдығын ғана емес, сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін қорғауға деген адалдығын да дәлелдейді. Осындай жандардың арқасында елімізде қауіпсіздік деңгейі жоғары болады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Әскери рәміздердің жауынргерлік рухты арттырудағы рөлі

Әскери нышандарда терең патриоттық, рухани-адамгершілік мән-мағына жатыр. Оларға әскер түрлерінің жалаулары, әскери бөлімдердің жауынгерлік тулары және Қарулы күштердің нышаны...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика