spot_img
Сенбі, Мамыр 17, 2025
14.2 C
Kokshetau

38 жылдан кейін: желтоқсандағы оқиғалар айнасы

Сондай-ақ...оқыңыз

Биыл  1986 жылғы желтоқсандағы ел Тәуелсіздігінің, халықтың бостандық пен егемендікке деген ұмтылысының жаршысы болған оқиғалардан бері 38 жыл өтті.

Осыған орай Красный яр ауылының қалалық модельдік кітапханасында орта мектеп оқушыларының «желтоқсаншылармен» кездесуі өтті.

— Өз көзқарасы мен Отанға деген сүйіспеншілігін қорғауға шыққан жастардың әрекеті көптеген жылдар өтсе де, қазақстандықтардың санасы мен жүрегінде мәңгі қалмақ, – деді кітапхана меңгерушісі Шолпан Мұхамеджанова өз сөзінде.

 

Кездесу барысында шақырылған қонақтар сол уақыт туралы естеліктерімен бөлісіп, наразылық ретінде алаңға қандай мақсатпен шыққанын және бұл оқиғалар олардың кейінгі өміріне қалай әсер еткенін айтты.

 

– Желтоқсан оқиғалары – еліміздің тәуелсіздік жолындағы маңызды кезеңдерінің бірі. Сол кезде алаңға шыққан қазақ жастарының арманы — Тәуелсіз елдің іргетасын қалау, – деп атап өтті Сайранбек Қарабатыров.

 – Желтоқсан оқиғалары тәуелсіздік жолының бастауы болды. Қазіргі жас ұрпақ осыны есте сақтап, өз елінің тарихын білуі тиіс, — деді Ерболат Сүйіндіков жастарға арнаған сөзінде.

 

Желтоқсан оқиғасына қатысушылар оқушыларды тарих сабақтарын есте сақтап, болашаққа нақты жоспарлар жасауға және алдына дұрыс мақсаттар қоя білуге шақырды.

Іс-шара қатысушылары желтоқсандағы оқиғалар туралы бейнефильм көріп, оқушылар осы тақырыпқа арналған өлеңдер оқыды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында 2024–2025 жылдардағы жылу маусымының қорытындысы шығарылды: өрт саны азайды, алдын алу шаралары күшейтілді

Ақмола облысында 2024–2025 жылдардағы жылу беру маусымы өз мәресіне жетті. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, есепті кезеңде өрт саны...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика