Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылдан бастап президенттік Жастар кадрлық резервінің үлгісі бойынша білім берудегі өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау жөніндегі жобаны іске асыруда.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы жоба пилоттық режимде іске асырылды, соның аясында республика бойынша 208 үміткер басшылардың республикалық кадр резервіне енгізілді, оның ішінде 8 үміткен Ақмола облысының білім беру мекемелерінен.
2024 жылы бұл жұмыс барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарынан: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудан, орта білім беруден, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруден үміткерлердің қатысуымен жалғастырылды.
Биыл кадрлық резервке қабылдау үшін облыс бойынша 166 педагог өтініш берді. Әңгімелесуден 12 үміткер сәтті өтті – 8 мектеп педагогтері, 4 колледж педагогтері.
Барлығы, екі жылдың ішінде облысымыздың 21 педагогі республикалық кадр резервіне енгізілді. Оның ішінде 6 жұмысқа орналастырылды.
Жобаның мазмұнына сәйкес резервшілер бірінші басшының бос орнына конкурстық рәсімдерден өтпей тағайындалады. Барлық кезеңдерден сәтті өтіп, сертификат алғандарға «басшы-көшбасшы» біліктілік санаты беріледі.
Атап айтсақ, «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобаны жүзеге асыру «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан жаңа мектептерді даярланған басшылармен қамтамасыз ету мәселесін шешуге, ең бастысы, жаңа үлгідегі көшбасшылардың кадрлық резервін, білім берудегі өзгерістің көшбасшыларын қалыптастыруға ықпал етеді.