spot_img
Бейсенбі, Қараша 14, 2024
-4.8 C
Kokshetau

«Сақ стилі» жаңа сериясымен шыққан номиналы 10 000 теңгелік банкнотаның қорғаныш элементтері туралы

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Ұлттық Банкі жаңа дизайндағы 10 000 теңгелік банкнотаның негізгі қорғаныш элементтерін ұсынады. Нұсқаулық азаматтарға шынайы банкнотаны жалған ақшадан өз бетінше ажыратуға көмектеседі. Бұл амал банкнотаның түпнұсқалығын тексеріп алуға көмектеседі.

Жаңа дизайндағы 10 000 теңгелік банкнотаның қорғаныш элементтері туралы

Банкнотада рельефті қалыптастыратын – арнайы алтын интаглио баспа тәсілі қолданылған. Қазақстан Республикасының елтаңбасы алтын металл бояудың жоғары бедерлі қабатымен басылған.

Банкноттың беткі бетінің шетінде шығыңқы, жоғары рельефті элементтер бар. Олар қолмен ұстағанда жақсы сезілетін – көру қабілеті нашар адамдарға арналған белгі.

Банкнота бетінде үзік-үзік түрінде шығып тұрған екі түсті қорғаныш жіп бар. Оны жарыққа тосып қарағанда бір тұтас жіп болып анық көрінеді. Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде көк және күлгін түстердің өзара әрекеттесуінен динамикалық лүпілдеу әсері пайда болады.

Сонымен қатар, банкнотаның бет жағында «Барыс» артефактының көлемді бейнесі түріндегі патч қорғаныш элементі орналасқан. Банкнотты аударып қараған кезде тау шыңының және номиналдың цифрлық кескінінен ою-өрнекке ауысу әсері және сәулелердің жан-жаққа шашыраған динамикалық әсері пайда болады.

Түсі өзгермелі терезе. Терезедегі өтпелi  жарықта тау шыңының сұлбасы алтын түстен көк түске өзгередi.

Банкнотаның екінші бетінде «Аузында грифондар бар Барыстың басы» артефактінің көлемді бейнесі түрінде Спарк қорғаныш элементі орналасқан. Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде Спарк түсі алтыннан нефрит түсіне өзгереді.

Жеке көркемдік элементтер банкнотаға алтын түстес жылтырағы бар арнайы –  иридисцентті бояуы басылған.

Жергілікті су белгісі қорғаныш элементі – электротип. Жарық түскенде номинал бейнесінен тұратын электротип белгісі анық көрінеді.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақмола филиалына 8-7162-55-18-09, 55-18-00 (ішкі 2232, 2234) телефон номерлері арқылы хабарласуыңызға болады.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«НОВОПЭК» компаниясының базасында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, «Новопэк» компаниясының базасында қаламыздың студенттері және жұмыссыз жастары үшін бос жұмыс...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img