spot_img
Сәрсенбі, Желтоқсан 4, 2024
-8.2 C
Kokshetau

Марат АХМЕТЖАНОВ облыс орталығы Көкшетау нысандарын аралады

Сондай-ақ...оқыңыз

АВТОР : Жабал ЕРҒАЛИЕВ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАРАТ АХМЕТЖАНОВ:

«КӨКШЕТАУДЫ ДАМЫТУҒА ЕРЕКШЕ МӘН БЕРЕМІЗ! ЕНДІ ӘР АПТАНЫҢ БІР КҮНІН КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНА АРНАЙМЫН. ӘР БЕЙСЕНБІ САЙЫН ҚАЛАНЫ АРАЛАП, КЕҢЕС ӨТКІЗІП ТҰРАМЫН!»
*

Бүгін (17 қазан 2024 жыл) Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВ облыс орталығы Көкшетау қаласының біраз маңызды нысандарын аралады. Көкшетауды көркейту, тазалығын жақсарту ,алдағы қысқы кезеңде халықтың жүріп-тұруына, көлік қозғалысының қалыпты болу және қаланы сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелеріне айырықша мән берді.
*
ҚОПА! «МАҒАН КӨҢІЛ БӨЛМЕДІҢДЕР» ДЕП СЕН ЕНДІ ҚАПА БОЛМАССЫҢ!

Ежелгі Қопа… айдынды Қопа!.. Көкшетау қаласының бір қапталын шайып жатқан Қопа көлінің де айдыны күзгі күннің нұрына шағылысып, жарқырап жатыр.
Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВ өз жұмысын Қопа көлінің жағалауына ағаш отырғызудан бастады. Көкшетау қалалық мәслихатының депутаттары, ел ағалары, қаланың белсенді жастары да осы арада жүр еді.
Қолына күрек ұстаған әкіммен бірге түрлі ағаш көшеттерін отырғызып жүрген жастар… Ара-арасында суретке түсіп те мәз. Журналистер сұрақтарын да қойып та жатыр.
-Елімізді көгалдандыру, ағаш егуді жандандыру бұл Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы!,-деді Марат Мұратұлы өз жауабында.-Өздеріңіз білесіздер Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы әзірленген болатын. Осы жобаға сай және Президентіміздің тапсырмасымен Қазақстан бойынша 2021-2025 жылдар аралығында 2 миллиард түп ағаш отырғызылуы керек.
Әкім өз ойын онан әрі жалғастырып, «біздің Ақмола мен Көкшетау өңірі ең бір орманды аймақ болуға, ауылдарымыз мен қалаларымыз көк желекке малынып тұруына табиғаттың өзі жағдай жасаған ғой! Тек енді біздің, тұрғындарымыздың өздері өз елді мекендерімізді көгалдндыруға белсене атсалысуы қалды»,-деп Марат Ахметжанов тағы да Мемлект басшысының: «Шын мәнінде елімізді көгалдандыру, абаттандыру үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бірреттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл жалпыұлттық мәселе. Қазақ халқы артыңда мал қалғанша, тал қалсын деп текке айтпаған» деген пікірін алға тартты.
Көкшетау қаласын көк желекті қалаға айналдыру мәселесіне аса жауапкершілікпен қара керек. Бұл орайда облыс әкімі Марат Ахметжанов Қопа көлінің жағалауына осыдан бірер жыл бұрын отырғызылған ағаштардың қурап, «таяқ болып қалыпты» деп орынды сын айтты.
Қазіргі уақытта Қопа көлінің жағалауын бүгінгі заман талабына сай абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Өңір басшысы Марат Ахметжановтың тікелей өтінуімен «КазМырыш» серіктестігі осы Қопа көлінің жағалауын абаттандыруға 2,58 мииллиард теңге өз қаражаттарын салып, қазіргі уақытта жұмыстарын өндіртіп тастапты.
Қопаның осы аймағының 62846,93 шаршы метрі абаттандырылады. Жағалауды көгалдандыру, суға шомылу жағажайын, жаяу жүргіншілер және жүгіруге арналған жолдар, балалардың ойын және спорт алаңдары, машиналардың тұрақтары, түрлі сауда нүктелері қарастырылып отыр.
Және де Қопаның жағалауында Көкшетаудың өз «АМФИТЕАТРЫ» болады!
Осы бір абзал шаруаны атқарып жатқан мердігерлермен облыс әкімі Марат АХМЕТЖАНОВ егжей-тегжейлі кеңесті.
-Бар жұмыс аса сапалы атқарылсын!. Бәрі де жоғары талапқа сай болуы керек. Әсіресе жаяу жүргінші жолдарына төселетін тақтатас өте сапалы болсын, Бізге бүгін салып, ертең үгітіліп жататын тақтатас (брусчатка) керек емес,-деп жол жиегінде үюлі тұрған жартылай граниттен тұратын тақтастың біреуін қолына алып, сапасына ерекше назар аударды.
*
«КӨКШЕТАУЛЫҚТАР ҚЫСТА ҚАР ОМБЫЛАП ЖҮРМЕСІН! КӨКТЕМДЕ СУ ТАСҚАНЫНАН ЕНДІ ҚАЙРА ЗАРДАП ШЕКПЕЙТІН БОЛСЫН!»

Көкшетау қаласын қақ жарып өтетін Қылшақты өзені биылғы көктемде мінез танытты. Тасыды. Маңайындағы мектеп, тұрғын үйлердің бірінші қабатына дейін су алды.
Қылшақтыда жазық жоқ еді! Мұзы еріген шақта Қылшақты өз арнасымен аққысы келді. Алайда жағалауын, бар арнасын қамыс басып, кей тұстарын күл-қоқыс төгетін орынға айналған еді. Кім дейсіз бе мұны жасаған?! Біздің өзіміз!
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Көкшетау тазалық» серіктестігіне арнайы барып, Көкшетау қаласын қыста қар мен көк мұздан тазалайтын,күл-қоқысын жинап отыратын мекеменің жай-күйімен танысты.
Мекеменің атшаптырым ауласында сап түзеп тұрған түрлі техникалардың барына қарағанда, алдағы қыс пен көктемге сақадай-сай әзір екендігін аңдауға болар еді.
-Қыс айларында қардан қаланың орталық көшелерін ғана тазартумен бірге, шеткі көшелерге де мән беретін болыңыздар. Онда да адамдар тұрады. Және де қаланың жолдарын, көшелерін тазалау жұмыстарын таңғы сағат 4-5 кезінде бастаңыздар. Қала халқының жүріс-тұрысына еш кедергі болмасын!,-деп облыс әкімі Марат Ахметжанов серіктестік директоы Олег Топорковка қарата осыны айтты.
-Арнайы техника жетеді. Биыл біраз жаңасын алдық, -деп өңір басшысы Марат Ахметжанов облыс аймағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында облыстық бюджет есебінен 3,1 миллиард теңге сомасында 84 арнайы техника сатып алынғандығын және Төтенше жағдайлар департаментіне 13 автокөлік сатып алуға 296,1 миллион теңге бөлінгендігін айтты.
Көкшетау қаласы бойынша күл-қоқысты, тұрмыстық қалдықтарды шығару, қаланың таза болуын қамтамасыз ету қажеттігін алға тартқан облыс әкімі Марат Ахметжанов әлі де болса бұл істе кемшіліктердің барлығына назар аударды.
-Мына қараңыздаршы,-деді облыс әкімі.- Тұрғын үйлердің жанындағы күл-қоқыс төгуге арналған контейнерлердің жанында пайдалануға жарамсыз болып қалған ескі үй жиһаздары, диван дейсіз бе, үстел дейсіз бе… әйтеуір сондайлар қаланың берекесін алуда. Ендігі арада осы жайға жол бермеу керек. Мұндай жарамсыз болып қалған үлкен заттарды арнайы алып кетететін мекеме бар емес пе? Тұрғындар солардың қызметтерін пайдалануға тиісті. Сол мекемелердің қызметтерін жарнамалау керек. Ал, өздері тұтынған ескі құсқы заттарын көрінген контейнердің жанына әкеліп тастай салатындар жазалануы керек!
Әкім Көкшетау қаласының тазалығын жауап беретін және қаланың жауапты қызметкерлеріне осы талапты орынды қойды,
Және де облыс әкімі Марат Ахметжанов ара-арасынды Көкшетау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Гүлмира Шұқатовадан «АИТИ» лицейдің алдындағы су жинала беретін жол бөлігін дұрыстадыңыздар ма?» деп және де қаланың әр жеріндегі жолдарындағы ой-шұңқырларды «тегістедіңіздер ме?» деген сұрақтар да қойып отырды.
Көкшетау қаласы облыс әкімінің назарында екен-ау деген ой келді.
Көктем сайын арнасына сыймайтын Қылшақты өзенінң арнасы тазартылып жатқандығын және де арнайы техникамен Қылшақты 4 (төрт) метрге дейін тереңдетіліп жатқандығын айтқан Марат Мұратұлы «КӨКШЕТАУДЫ ДАМЫТУҒА ЕРЕКШЕ МӘН БЕРЕМІЗ! ЕНДІ ӘР АПТАНЫҢ БІР КҮНІН КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНА АРНАЙМЫН. ӘР БЕЙСЕНБІ САЙЫН ҚАЛАНЫ АРАЛАП, КЕҢЕС ӨТКІЗІП ТҰРАМЫН!» деді.
Көркейе бер, Көкшетау!
*

«КӨКШЕТАУДЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН КЕЗ ӘБДЕН ЖЕТТІ!
ТӨРТ ЖЫЛДАН БЕРІ БІТІРЕ АЛМАЙ КЕЛЕ ЖАТҚАН «СУ ТАЗАРТУ ОРТАЛЫҒЫНАН» БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҢ 1-ШІ ЖЕЛТОҚСАНЫНДА ҚАЛА ХАЛҚЫ САПАЛЫ ӘРІ ТАЗА СУ АЛАТЫН БОЛСЫН!»
*

Талап осы болды! Облыс әкімі Марат Ахметжанов Көкшетау қаласының «Су тазартатын орталығының» қайра жабдықтау жұмыстарының барысымен танысу кезінде жұмысты жүргізіп жатқандарға осындай талап қойды.
-Төрт жыл болды ғой, осы істі қолдарыңызға алғандарыңызға! Қала халқы сапалы әрі таза ауыз суға зәру болып отырғалы қашан?! Қаражат беріп жатырмыз! Істі соза бересіздер. Сіздер созған сайын баға қымбаттай береді,-деп Марат Ахметжанов « КӨКШЕТАУДЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН КЕЗ ӘБДЕН ЖЕТТІ! ТӨРТ ЖЫЛДАН БЕРІ БІТІРЕ АЛМАЙ КЕЛЕ ЖАТҚАН «СУ ТАЗАРТУ ОРТАЛЫҒЫНАН» БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҢ 1-ШІ ЖЕЛТОҚСАНЫНДА ҚАЛА ХАЛҚЫ САПАЛЫ ӘРІ ТАЗА СУ АЛАТЫН БОЛСЫН! ӘЙТПЕСЕ!…
Иә, әйтпесе жауап беруге тура келеді.
Әкім нақтылы талап қойды!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қаланың ірі өнеркәсіп орындары бос жұмыс орындарын ұсынуда

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ Көкшетау қ, солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 7-жол, 6-үй «ENKI» ЖШС және «ENKI...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img