«Достар» мәдениет сарайында «Балақай» үлгілі вокалдық студиясының есептік концерті өтті.
2005 жылы құрылған балалар ұжымы патриоттық мазмұнға, Отанға деген сүйіспеншілікке толы түрлі тақырыптарда ән шырқайды. Оның құрамына «Кәусар», «Дархан», «Сұлтан» және «Милашки» әр түрлі жастағы вокалдық топтар кірді.
Бүгінгі таңда бұл ұжымдар қалалық және облыстық ән байқауларының қатысушылары болып табылады. Ал 2021 жылы «Балақай» вокалдық студиясы Астана қаласында өткен Халықаралық байқаудың Бас жүлдесін жеңіп алды.
Балалар ұжымымен тәжірибелі педагог-вокалист, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Еңлік Жакупова жұмыс істейді.
– Мен балалармен тек вокал бойынша ғана емес, олардың музыкалық білімін арттыруға тырысамын, олар үшін дәрістер, музыка сабақтарын ұйымдастырып, олармен кәсіби әртістердің концерттеріне қатысамын, – дейді Еңлік Тасыбекқызы.
Балалар дарындарының концерті бір деммен өтті, көрермендерді әртістікпен, репертуардың алуан түрлілігімен, жарқын вокалмен және әндердің жалынды орындалуымен баурап алды.
Кішкентай да, ересек балалар да үлкен шабытпен ән шырқап, әр нөмірді шын жүректен орындады.
Залға лық жиналған қауым балалардың керемет орындауларына тәнті болып, көрермендерге нағыз музыка мен ән мерекесін сыйлаған жас әртістердің қойылымдарына ұзақ қошемет көрсетті.