spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Акушер – медбике Жанат Әділова денсаулық сақтауға 40 жыл өмірін арнады

Сондай-ақ...оқыңыз

СҚО Айыртау ауданы Сырымбет орта мектебінің медбикесі Жанат Әділова 1976 жылдан бастап өмірін медицинаға арнады. Акушер, медбике және өз ісінің жоғары маманы бүкіл аймақта танымал және сыйлы, өйткені ол өзінің 40 жылдық тәжірибесінде жүздеген әйелді босандырып, көптеген науқастарға денсаулығын қалпына келтіруге және толыққанды өмірге оралуға көмектесті. 1957 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сарыбұлақ ауылында дүниеге келген.

Мінсіз еңбегі және аймақтың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін көптеген мемлекеттік наградалармен және алғыс хаттармен марапатталды. Дәрігер болу және адамдарға көмектесуоның балалық шақтағы арманы.

 

Бала кезімнен ақ халат киіп, адамдарға көмектесіп, қоғамға пайдалы болуды армандадым. Менің әкем, Ұлы отан соғысының ардагері соғыста көптеген жарақаттар алды, Мен әрқашан оған көмектескім келді, оның ауырсынуын жеңілдеткім келді, бірақ қалай екенін білмедім. Сондықтан да мен медицинаны таңдадым, дейді Жанат Еслямқызы.

 

Осы жылдар ішінде орасан зор тәжірибеге ие бола отырып, бүгінде зейнеткерлікке шықса да, медбике  сұранысқа ие болып келеді. Аймақтың денсаулық сақтау саласын дамыту үшін адал еңбек етіп келеді, Жанат Әділованың еңбегін асыра бағалау қиын, өйткені акушерлік медицинаның ең күрделі бағыттарының бірі болып табылады, онда нәтижені болжау өте қиын, батылдық, өз біліміне сенімділік пен мықтылық қажет. Елдегі медицина алға жылжыды, диагностика мен емдеуге арналған барлық құралдар бар. Алайда, Жанат Еслямовна жұмыс істеген кезде ультрадыбыстық аппараттар мен басқа да атрибуттар болған жоқ, бірақ мұндай мүмкіндіктердің жоқтығына қарамастан, өзінің жоғары білімі мен тәжірибесінің арқасында ол  ол жүздеген жүкті келіншекті сәтті босандырды. Атап айтқанда, ол қабылдаған барлық босанулар сәтті өтті, ананың немесе баланың өлімінің бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ. Сондай бір оқиғаны кейіпкер еске алды.

1988 жылдың 1 ақпаны. қатты боран , айналада ештеңе көрінбейді, сол кезде қыс өте қатал болды. Шоққарағай ауылынан екі салт атты келді, жүкті әйел жақын арада босанатынын, сонымен қатар ол толғақтан өте қиналып жатқанын хабарлады. Бұл әйел біздің округте есепте тұрмаса да, мен көмекке өз еркіммен бардым. Бұл жексенбі күні болған оқиға еді,  жолға шықтық. Көшеде қатты боран болғандықтан, жолда адасып, кешке ғана ауылға жеттік. Мен келіншекті абыроймен босандырып алдым, дені сау ұл бала дүниеге келді, деп еске алады Жанат Әділова.

 

Кейіпкердің мұндай әңгімелері өте көп, медицина саласындағы барлық жылдары ол көптеген сәбилердің дүниеге келуіне көмектесіп, олардың кінлік шешесі атанды. Ол сәбилер бүгінші күнде үлкен азамат болды, барлығы Жанат Еслямқызына аса құрметпен қарап, адал еңбегі үшін алғыс білдіреді.

Жанат Еслямқызы күрделі жұмыстан басқа отбасына да уақыт бөледі, жұбайы Ескен Есханұлымен  бір қыз мен үш ұл тәрбиелеп, немере сүйіп отыр.

Сонымен қатар, Жанат Әділова Айыртау ауданының қоғамдық өміріне белсенді қатысады, аудандық вокалдық шығармашылық топта дәстүрлі ән айтады, дауысы да керемет!  Өңірде бірдебір концерт пен мерекелік іс-шара Жанат Еслямқызының қатысуынсыз өтпейді.

Өз ісінің маманы, тәжірибелі медбике, сүйікті жар, өнегелі ана мен әже, өнерлі де  белсенді маман және  жақсы адам өз ауылының игілігі үшін жұмысын жалғастыруда.

Жанат Әділоваотансүйгіштіктің, туған ауылына деген адалдық пен еңбекқорлықтың жарқын үлгісі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img