spot_img
Жексенбі, Қазан 6, 2024
13.2 C
Kokshetau

Ақмола облысының өңірлік кадр резерві жасақталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Биылғы жылы алғаш рет өңірімізде өңірлік кадр резервіне іріктеу жүргізілді.

Жоба арқылы аймақты дамытуға атсалысатын талантты және белсенді жастар арасынан жаңаша ойлайтын көшбасшылардың, жас басқарушылардың пулын қалыптастыру көзделуде.

Бұл туралы Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев  баяндады.

Спикердің айтуынша, өңірдің әлеуметтік-экономикалық және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып, кадр резервіне іріктеудің                         6 салалық бағыты айқындалды, олар:

1) индустрия және өнеркәсіп;

2) экономика және қаржы;

3) әлеуметтік сала;

4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;

5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;

6) цифрландыру.

Өңірлік кадр комиссиясына облыс әкімі Марат  Ахметжанов басшылық етті.

Сонымен қатар,  Думан Әбілев іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі жəне үш жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары жіберілгенін атап өтті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен 263 үміткер іріктеудің келесі кезеңі – ҚР заңнамасын білуіне арналған тестілеуге жіберілді.

А.ж. 22 тамызында кадр комиссиясы шешімімен өңірлік кадр резервіне 25 адам іріктелді. Тізім ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және облыс әкімдігінің интернет-ресурстарында жарияланды.

Резервшілер жергілікті атқарушы органдарда сайланатын лауазымдарды қоспағанда, 2 жыл ішінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.

«Жалпы, бұл жоба өңірімізді дамытуға қатысып жүрген талантты және белсенді жастар арасынан бастамашыл және прогрессивті көшбасшылар, жас басқарушылар пулын қалыптастыруға бағытталған», -деп спикер сөзін қорытындылады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент ұсынған реформалар жергілікті басқарудың сапасын арттырады – Дастан Әкімов

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында сөз сөйледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде мәслихаттың мемлекеттік биліктің өте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img