spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 19, 2024
7.4 C
Kokshetau

 «Бурабай» ұлттық паркінде алты көлдің жағасы тазартылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Екі жүзге жуық ерікті «Таза жағалау» акциясына белсене атсалысып, «Бурабай» МҰТП-ның Шортан, Бурабай, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Қатаркөл және Жөкей көлдерінің жағалауларынан екі тоннадан астам қоқыс жинады.

Ұлттық парк инспекторларына көмекке келген жергілікті тұрғындар, жалға алушылар мен олардың ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ колледж студенттері жұмылып жұмыс атқарды.

Жиналған қоқыстың едәуір бөлігі – пластик шөлмектер, шыны және қаңылтыр банкалар, полиэтилен пакеттер. Сарапшылардың пікірінше, қоқыстың бұл түрі қоршаған ортаға өте қауіпті, өйткені олардың ыдырау процесі жүз жылдан астам уақытқа созылып, табиғатқа үлкен зиян келтіреді.

«Таза жағалаулар» акциясы биыл алтыншы рет өткізіліп отырғанын атап өткен жөн.

Бұл акция – біздің ұжымның Ұлттық парк аумағын таза ұстауға бағытталған тұрақты жұмысының бір бөлігі. Мұндай бастамалар көлдер мен олардың жағасындағы  экологиялық жағдайды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар адамдардың табиғатқа деген қамқорлығын күшейтуге ықпал ететініне сенімдіміз. Биыл қоршаған ортаны қорғау бойынша бізді қолдайтын халықтың саны артып, артты. Акцияға қатысқан барлық еріктілерге алғыс айтамыз», – деді «Бурабай» МҰТП бас орманшысы Бауыржан Махметов.

«Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img