spot_img
Жұма, Қазан 18, 2024
0.5 C
Kokshetau

Ақмола облысының мектептері модификацияланған кабинеттермен жабдықталуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Білім беру сапасын арттыруда мектептердің сапалы және заманауи оқу кабинеттерімен қамтамасыз етілуі айтарлықтай рөл атқарады. Ақмола облысында білім берудің заманауи үрдістерін ескере отырып, мектептердің оқу-материалдық базасына ерекше көңіл бөлініп келеді.

–Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыруға сәйкес облыста мектептерді жаңа модификацияланған заманауи физика, химия, биология, робототехника және STEM кабинеттерімен жабдықтау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. 2023 жылы осы мақсатта облыстық бюджеттен 432 миллион теңге қаржы бөлініп,  осындай 50 кабинет сатып алынды. Олардың 7-еуі химия, 9-ы биология, 21-і физика, 8-і STEM және 5-еуі робототехника кабинеттері, – дейді облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Өмірбек Сейітов.

Бұл оқу кабинеттерінің жиынтығына мамандандырылған жиһаз, көрнекілік және зертханалық аспаптар, техникалық оқыту құралдары, мультимедиялық бағдарламалар, интерактивті жабдықтар және тағы да басқа керек-жарақтар кіреді.

–Бүгінгі таңда облыстың 10 ауданына 15 кабинеттің құрал-жабдықтары толық жеткізілді. Ағымдағы жылы облыс мектептерін осындай кабинеттермен қамтамасыз ету үшін жалпы сомасы 400 миллион теңгеден асатын қаржы қарастырылды, оған 51 жаңа модификацияланған кабинет сатып алу көзделген, –дейді облыстық білім басқармасының мамандары.

Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қорының қаражаты есебінен облыс аумағындағы ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру үшін тағы 50 оқу кабинет сатып алу жоспарланыпты.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Партияның қоғамдық қабылдауларындағы орталық мемлекеттік орган өкілдерімен өтетін онлайн қабылдау тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп отыр

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Умар Шоназаров Республикалық қоғамдық қабылдауда Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img